Білім беру бағдарламасы 5B060200 Информатика Токтаганова Жансая Мейрамхановна (Студенттің аты-жөні, тегі) Іс-тәжірибені өту орны



бет4/8
Дата14.12.2022
өлшемі389,21 Kb.
#57252
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-101805

Кафедра жетістіктері:
Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Садвакасова А.К , Бельдеубаева Ж. Т. және Адиканова С. PhD докторлық диссертацияларын сәтті қорғады. Кафедра меңгерушісі Жантасова Ж.З "Үздік оқытушы-2019" Республикалық байқауының жеңімпазы атанды және кафедра доценті, PhD докторы Нугуманова А. Б. "Үздік оқытушы-2018" Республикалық байқауының жеңімпазы болды.
Кафедра оқытушылары университетішілік «Үздік әдіскері-2017»
(Жантасова Ж.З.) «Ең үздік ПОӘК» (Кубентаева С.Н.),
«Үздік дәріс» (Карменова М.А.),
«Үздік инновациялық педагогикалық технологиялар негізіндегі оқу-әдістемелік әзірлемелер» (Кубентаева С.Н.) байқауының жеңімпаздары.
Кафедра доценттері, п.ғ.к. Қадырова А.С. мен т.ғ.к. Сыздыкпаева А.Р. электронды оқу құралының интеллектуалды меншігін мемлекеттік тіркеу құжатының авторлары болып табылады (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама), (2017ж.).
Тлебалдинова А.С. (2018ж.), Жантасова Ж.З. (2018ж.), Нугуманова А.Б. (2018ж.).
Биылғы оқу жылынан бастап қос дипломды білім беру бағдарламасы 6M060200 Информатика, 09.04.03- Қолданбалы информатика: «Әлеуметтік және экономикалық процестерді басқарудың ақпараттық технологиялары» Алтай мемлекеттік университетімен (АлтМУ) (Барнаул қ., Ресей Федерациясы) бірге жүзеге асырылды.
Кафедра бойынша 5В011100- «Информатика» мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ-мен бірге дуалды оқыту элементтері жүзеге асырылуда. Былтырғы оқу жылында 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығында оқитын 3 курс студенттеріне дуалды оқыту элементтерін Өскемен қаласының «Жас техниктер станциясы» КММ-мен жүзеге асыру бойынша келісім шарт жасалды.
Кафедра оқытушылары АТ бойынша олимпиадалар мен ғылыми жобалардың әр түрлі деңгейдегі қазылар алқасының төрағасы және мүшелері ретінде мезгіл-мезгіл шақырылады.


1.3 Есептік оқу жылында кафедрада студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:
- 2018 жылдың сәуір айында «5В011100 мамандығының үздік студенті», «5В060200 мамандығының үздік студенті», «5В070300 мамандығының үздік студенті» атты сайыстар;
- 2018 ж ақпан айында кафедра мамандықтарының студенттері арасында 1 пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға 5В011100, 5В060200, 5В070300 мамандықтарының студенттері қатысты;
- Зайсан, Тарбағатай, Жарма, Катон-Қарағай, Күршім аудандары мен Зайсан, Риддер, Өскемен қалалары мектептерінің 62 оқушыларының қатысуымен болған информатика пәні бойынша облыстық олимпиада;
- 2018 жылдың ақпан айында «Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісінің әдістемелік аспектілері» тақырыбына мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өткізілді (аға оқытушы Карменова М. А.). Семинарға қала және облыс мектептерінен 37 мұғалім қатысты. Семинарға қатысушыларға сертификаттар берілді.
- «Робототехника» студенттерге арналған ғылыми үйірмесінің отырысы (ғылыми жетекшілері: аға оқытушы Тукушова А.Е.);
- «Қолданбалы информатика» студенттерге арналған ғылыми үйірмесінің отырысы (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Кадырова А.С.);
-«Инновациялық технологиялардың әдістемелік негіздері» студенттерге арналған ғылыми үйірмесінің отырысы (ғылыми жетекшілері: п.ғ.к. Кубентаева С.Н.).
- Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары информатика пәні бойынша облыс мектеп оқушылары арасында олимпиада өткізді. Облыстық олимпиадаға Шемонайха ауданы №1 мектеп-гимназиясының Ивонов.А атындағы Выдриха орта мектебінің, Семей қаласы Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназиясының, Риддер қаласы №2 орта мектебінің, №1 мектеп лицейінің, Өскемен қаласы №3, №4 №5, №9, №11, №12, №15, №16, № 18, №20, №35, №37, №38, №39, №44, №46, №47 орта мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты. Барлық қатысушылар саны-67.
Ашылу рәсіміне Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы М.Мадияров, кафедра меңгерушісі Ж.Жантасова факультет кафедралары даярлайтын оқу бағдарламаларына тоқталып, білім алушыларға университет ұсынатын мүмкіндіктері жайлы ақпарат берді.
Олимпиада 2 кезеңмен ұйымдастырылды- бағдарламалаудан жазбаша тест және «SMAR CITY жобаларда қолданылатын IT-технологиялары» тақырыбы бойынша жоба қорғау.
1-кезең бойынша 67 оқушының 23-і екінші кезеңге өтті. Қалған 44 қатысушыға сертификат берілді. 2-кезең бойынша қазылар алқасы оқушылардың жақсы дайындықтарын атап өтті. Бас жүлдені З.Ахметов атындағы №16 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мәди Мұқатаев иеленді, жетекшісі Н.Сейітқазиновна, 1 орынды Өскемен қаласы №11 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Кирилл Поляков жетекшісі Е.Кузьмина,
2 орынды №47 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тимур Сайлаубеков жетекшісі М.Сәдуақасова және А.Байтұрсынов атындағы №20 мектебінің 11 сынып оқушысы Томирис Тұрысбекова жетекшісі Г.Тұрсынбаева, 3 орынды Семей қаласы Шәкәрім атындығы көпбейінді гимназиясының 11 сынып оқушысы Олжас Қайдар жетекшісі С.Минаева, Өскемен қаласы №11 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Александр Полтаранин жетекшісі О.Винокуров, Өскемен қаласы №46 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бекжан Бидахметов жетекшісі Ч.Бабатаева иеленді. Барлық жеңімпаздар мен номинация иелері дипломдармен, мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
C.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де облыс колледждері мен жоғарғы оқу орындарының IT мамандықтары студенттерінің арасында аймақтық олимпиада өтті.
Олимпиаданы Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Компьютерлік үлгілеу және Ақпараттық технологиялар кафедрасы қызметкерлері ұйымдастырды. ШҚМУ Компьютерлік үлгілеу және Ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. Ж.Жантасованың 2019 жылы иеленген «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантының қаржысы есебінен жүзеге асты. Олимпиадаға 39 студент қатысты. ШҚМУ студенттерінен басқа аймақтық олимпиадаға облыстың 4 университеті мен 3 колледжінен студенттер бақтарын сынады.
Бұлар Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан-Америка еркін университеті, Қазақ иновациялық гуманитарлық-заң университеті, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, ШҚМУ Жоғарғы колледжі, Өскемен жоғарғы политехникалық колледжі.
Олимпиада 2 кезеңде өтті- тестілеу және бағдарламалау. Қазылар алқасының мүшелері Өскеменнің келесі ұйымдарымен мекемелерінің IT амандары болды. Ақпараттық технологиялар орталығы, Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы, «Өзен» ЖШС.
Олимпиада жеңімпаздары: 1 орын –Троценко Евгений (ҚАЕУ), 2 орын –Сюрсин Михаил (Политехникалық колледжі), 3 орын –Васипёнок Владислав (ҚАЕУ).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет