Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет18/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
Оқу дегеніміз жазылған не басылған мәтінді, графикалық таңбалар жүйесін дыбыстық тілге кодтау арқылы немесе бірден ішкі сөйлеуге кодтау арқылы мазмұнын ойға жеткізетін жазба тілдің бір актісі. Оқу сатысы әріптерді дыбыстап, бір-біріне тіркестіре айтудан, ежіктеп оқудан басталатыны белгілі. Адам санасында әріптер тіркесі емес,сөз, сөз тіркестерінің графикалық портреті орналасканша, осындай ежіктеп оку сатысы жүреді. Бір бейнені немесе типтік бейнені кайталап көре берген көз сол образды "суретке түсіріп", санаға елес ретінде салып қояды.Келесі окығанда санадағы типтік елес –портрет пен мәтіндегі бейне ассоциацияланып, екі бейне беттесіп, адам ежіктеп оқудан кұтылады. Сөйтіп, автоматты оку кезеңі келеді, бұл іштей көзбен қармап окуға жеткізеді. Көзбен окуда оку темпі ауызша сөйлеу темпімен бірдей болады. Оқу өрісі 4-6 сөзден бірнеше жолдарға дейін көре алады. Қосымша оқу өрісі сөйлем аяғын, азатжолдың басталуы мен аяқталуын,келесі азат жолдың басталуымен көреді. Оқу сатысының едәyip жетілген түрі динамикалық оқу деп аталады. Бұл негізінде ойды табу үшін негізгі еместерін тастап оку, мәтінді бұрынғы оқылған мәтіндермен байланыстыра отырып, бір көз жүгірткеннен түсіну, сөйтіп, мәтіннің бүкіл мазмұн әлемін елестетіп оқу болып табылады. Оку процесі санадағы графикалық оқу жүйеciн қалытастырады, Қазіргі заманның адамы тыңдауға қарағанда оқуға көп уакытын арнайды. Бұл жазба тіл арқылы ойын сыртқа шығару жүйeciнің жетілуіне көмектеседі. Сондықтан көп оқыған адамның жазу машығы да тез жетілетіні белгiлі. Біз жазба тілді пайдаланғанда оқу процесі нәтижесінде қалыптасқан графикалык ойлау жүйесін қолданамыз.
Оқу процесі графикалык танбаларды кабылдаудан; оны ішкі тілге аударудан; оны ойдағы таңба эталондар арқылы ойлаy жүйесіне апарудан тұрады, Оқығанды түсіну ойлау кодын, бейнелер мен ұғымдар кодын туғызады. Ғалымдар жазба тілдің алдында ауызша тіл емес, ішкі ойлау тілі жүреді дейді.
Жазу дегеніміз ойдагы мазмүнды дыбыстык (фонемалык) код аркылы (бұл жазар алдында ауызша айтып алумен немесе іштей, дауыстамай сейлеуден көрінеді) графикалық кодка түсіру болып табылады. Дыбыстық кодтың графикалық кодка айналуын фонема атқарады.
Жазу процесі жазатын ойды іштей жүйелеп алy; iшкі сөйлеуден дыбыстық тілгеге ауысу, дыбыстық тілден графикалық тілгe ayысу: белгілі бір графикамен, керекті каллиграфиямен, графикалык және орфографиялық нормаларды сакгай отырып жазу сатыларынан тұрады.
Жазба тілде ойды білдіру ауызша тілге карағанда 10 есе жай жүреді деп айттық. Ол ойды эксплицитті түрде дәл, әрі накты берудің жолын іздеуден шығады. Жоғарыда жазу процесі құрылған сөйлемді оқырман ретінде оқып, қайта жазу,не тузету, артык элементтерді алып тастау сиякты сатылардан тұратынын көрсеттік. Ойдың жазба тіл элементтері арқылы белгілі мәтінге ұйымдасуының сыртында мәтіннің парақ бетіндегі, компьютер экранындағы орналасуы, әріп бейнесі, тарау ,бөлім аттарының берілуі сиякты жалпы графика ережесі, әріп таңбалары, фонеманың негізгі реңкін табу, сөздердін бөлек, біргe, дефис арқылы жазылуын, бас әріп, кіші әріп сияқты графика,орфография ережелері және тасымал, пунктуация сияқты тыныс белгілері ережелері бар.
Сонымен, жазуды өз алдына дербес жүйе деп тану, біріншіден, жазба тілде ойды жарыққа шығарудың өзіндік категориялары мен бірліктері, тәсілдері болу керек. Екіншіден, жазба тіл өз кеңістігінде, өз аудиториясы болу керек. Мәтін сол қалпында ауызша тіл аудиториясына жетпеуі, түсініксіз қалуына орай өз аудиториясының болуын, қалыптасуын қалайды. Жазба тілді аyдитория түсіну үшін алдымен ауызша тілге кодтау қажеттілігі шығады. Сонда екі жүйенің өзара кодталу процесінен кейін ғана түсінікті болуы жазба тілдін дербес жүйелілігін танытады. Жазу мен ауызша тілдің екі баскалығын "мойындатпай" отырған тілдің лексикалық денгейі. Алайда бұл занды да. Өйткені лексикалық денгей тілдің мазмұнын көрсетеді, ал осы мазмұн бірліктерін тілді түрлі бағытта, мақсатта қолдануда өзіндік тәсіл,жүйе аркылы жұмсақ дербес тілдік таңбалар жүйесін жасайды. Бұл денотаты бiреy, бірак әртүрлі атайтын ұлттык тілдер сипатындай. Ал тіл білімінің зерттеу нысанына кай жүйенін бірлігі алыну керек? Жазба тіл графемасы ма, әлде ауызша тілдін дыбыстык коры ма? Жазба тілдің морфологиялык көрсеткіштері ғана ма,әлде ауызша тілдің морфологиялык түрленімдері де ме? Лексикология мен синтаксис денгейлерінін кай жүйедегі элементтері зерттеу нысаны бола алады? Әрине, бұл зерттеу нысанының шегарсын айқындап алуға бастайды. Мұның бәрі жазу заманы, жазудың билігі келген заман болғанын хабарлайды.
Бүгінгі атом дәуірінде, техникалык прогрестің шарықтау шегінде жазба тіл өз функциясын заман талабына сай өтеу үшін, ең алдымен, тұрақтылығын сақтауы қажет. Жазба дәстүрі жок жазу коммуникация кұралы болудан қалады. Адамның есте сақтау қабілеті естуге (кұлақка) карағанда көруге (көзге) көбірек табан тірейді. Ал формасы тұракты жазуды "бір көріп алған көз” автоматты түрде таңбалай береді және санада формасы бар сөзді оңай таниды. Коммуникация тәсілдері автоматтанса, қарым-қатынас жасау жеңілдейді. Осыдан келіп, жазудың болашақтағы бейнесін тануға болады.
Бүгінгі атом дәуірінде, техникалық прогрестің шарыктау шегіндегі жазба функциясын заман талабына сай өтеу үшін, ең алдымен, тұрактылығын сактауы қажет. Жазба дәстүрі жоқ жазу коммуникация кұралы болудан калады. Адамның есте сақтау кабілеті естуге (кұлақка) карағанда көруге (көзге) көбірек та-бан тірейді. Ал формасы тұракты жазуды "бір көріп алған көз"автоматты түрде таңбалай береді және санада формасы бар сөзді оңай таниды. Коммуникация тәсілдері автоматтанса, карым-қатынас жасау жеңілдейді. Осыдан келіп, жазудың болашақтағы бейнесін тануға болады.

4 дәріс тақырыбы: Жазу теориясындағы фонема ұғымы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет