Білім беру бағдарламасы: 6В01601 Тарих Дайындаған: аға оқытушы, тарих магистрі Смағұлов Н. Б. Қарағанды 2023 ж


https:// e-history.kz Қазақстан тарихы веб-порталы



бет2/9
Дата07.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#106477
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
№ 5. Қимақ қағанаты-1

11. https:// e-history.kz Қазақстан тарихы веб-порталы.

Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғасыр басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғасырдың ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 жылы Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.

Синологтар яньмоны иемек (имек) тайпасына жатқызады. Ол атау зерттеушілердің көпшілігі шамалайтындай, кимек атауының фонетикалық бір түрі болып табылады. Зерттеушілердің кимектер мен қыпшақтарды бір халыққа балап жүрген пікірі қате, өйткені орта ғасырлардағы жазбаша деректемелердің мәліметтері оларды екі жеке, бірақ туыс түркі тілдес этнос ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар VII ғасырдың бас кезінде Қобда алқабында, солтүстік-батыс Моңголияда мекендеген. Олардың шығысында оғыздар болып, ал оңтүстігінде түркештер мен қарлұқтар қоныстанған.

VII ғасырдың ортасына таман имектер (кимектер) Алтай тауларынан солтүстігіндегі аудандар мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Бұл тайпа 656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін оқшауланған еді. Шынына келгенде кимек тайпалық одағының ұйытқысы нақ осы кезде пайда болды. Кимек тайпа басшысының «шад-түтік» деген атағы болған. «Шад» және «түтік» деген атақтар түріктер арасында кеңінен мәлім және VII-ІХ ғасырлардағы ертедегі түріктердің руникалық жазбаларында талай рет айтылады.

Кимек федерациясының алғашқы құрамы Гардизи еңбегінде келтірілген. Бұл одаққа жеті тайпа: эймур, имек, татар, байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпалары кіреді.

Қимақ тайпаларының біріншісі, эймур тайпасы, оғыздар арасында да белгілі. Ол VIII ғасырда он екі ұйғыр тайпаларының арасында да айтылады. Эймурлардың кимектер мен Сырдараия оғыздары құрамында көрінуі эймурлардың батыс және солтүстік-батыс бағытына қарай жылжуын көрсетеді. Эймурлар кимектерге де, оғыздарға да араласып, сіңісіп кеткен жоқ. Олардың құрамына тайпа ретінде кірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет