Білім беру бағдарламасы: 6В01601 Тарих Дайындаған: аға оқытушы, тарих магистрі Смағұлов Н. Б. Қарағанды 2023 ж



бет4/9
Дата07.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#106477
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

VIIІ ғасырдың екінші жартысы – ІХ ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға (негізінен қыпшақтар), оңтүстік-батыста Сырдария аңғары мен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүстік-Шығыс Жетісу жеріне қарай көшеді. 766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай және Алакөл ойпаты аумағына орын теуіп, Шығыс Түркістанды мекендеген тоғыз-ғұздардың солтүстік шектеріне дейін жетті. Олардың арасындағы шекара Жоңғар жотасының бойымен өткен.

VII ғасырдың ортасына дейін қимақтар, қыпшақтар мен кумандар далалық Алтай, Таулы Алтай мен Ертіс өңірлерін мекендеді. Оңтүстікте қимақтарға Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай аралығындағы Ертіс бойында тұрған қарлұқтар, шығысында орталығы Минуса ойпатындағы қырғыздар көрші болды. VIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қимақтар оңтүстік бағытқа жылжып, қарлұқтар жеріне қоныстана бастады. ІХ ғасырдың басында қимақтардың жекелеген топтары Солтүстік-Батыс Жетісу аумағына көшіп барып, тоғыз-ғұздармен көрші болды, ал олардың арасындағы шекара Жоңғар жотасының бойымен өтті.

Қимақтардың оңтүстікке қарай қозғалуымен бірге VIII ғасырдың екінші жартысында қыпшақтар Ертістен батысқа қарай орын ауыстырды. Әл-Идрисидің еңбегінде келтірілген картографиялық материал деректерінен қыпшақ тайпаларының жекелеген топтарының Ертіс пен Тобыл өзендерінің аралығына орналасқынын білеміз. VIII-IX ғасырдың бірінші жартысында печенегтердің Сырдария аңғарында және Арал өңірі далаларында тұрғаны мәлім. Демек, қыпшақтар мен печенегтердің шекарасы тікелей Оңтүстік Оралдың оңтүстік - шығысы мен Арал өңірі далаларының солтүстік аймағы аралығынан өткен. ІХ ғасырдың басында қимақтардың тайпалары Сырдарияның орталық аудандарына жақындайды. ІХ ғасырдың ортасында печенег конфедерациясы оғыздардың, қимақтар мен қарлұқтардың одағынан жеңіліс табады.

IX ғасырда араб тілді географиялық шығармаларда да Қазақстан аумағында мекендеген тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байланыс және хабар беру қызметінің бастығы Ибн Хордадбехтің «Жолдар мен мемлекеттер кітабында» (Китаб әлмасалик уә-л- мамалик) мемлекеттердің сауда жолдарын сипаттап, әр түрлі елді мекендер арасындағы қашықтықты көрсеткен. Ибн Хордабех еңбегінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Ұлы жол бойында орналасқан қалалар мен қоныстарды тізіп келтірген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет