Білім беру бағдарламасы: 6В01601 Тарих Дайындаған: аға оқытушы, тарих магистрі Смағұлов Н. Б. Қарағанды 2023 ж



бет9/9
Дата07.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#106477
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
№ 5. Қимақ қағанаты-1

Дамурия қаласы қимақ қалаларына жатады. Ол гүлденген және көп халықты қала. Дамуриядан Сарауске дейін солтүстік-шығысқа 2 күндік жүріс, жол түрік-қимақтардың өңделген жерлері мен қоныстарының үстімен өтеді. Сараус үлкен қала, ол бекіндірілген іргемен қоршалған. Қалада- ер жүрек түріктер тұрады, олар атты әскерлер. Сараустан Гаганға дейін оңтүстік бағытта 3 күндік жүріс. Дамурия және Сараус Шария өзеннің алқабында орналасқан. Сараустан Банджарге дейін шығыс бағытта 75 фарсах. Банджар үлкен, көп халықты қала, оның тұрғындары түрік-қимақтардың әртүрлі рулары. Бұл қалада көп сандық әскер және тұрғындарға керекті азық бар. Олардың арасындағы жол-шөл дала мен өсімдіксіз жерлер арасынан өтеді. Гиргир тауының жиегімен жол 10 күнге созылады.

Дахалан-ол әскери жасақтары бар жақсы қоршалған бекініс. Дахалан қимақ мемлекетінің шетінде орналасқан. Дахалан оның бірінші облысы Дахалан бекінісінен Банджарге дейін елдімекендерден және бидай, күріш, тары отырғызылған жерлерден 4 күндік жүріс. Дахалан бекінісінен Ханаушке дейін солтүстік бағытта 6 күндік жүріс. Ханауш-қимақтардың көп сандық қаласы. Банджардан Астургия шейін шөл дала мен өсімдіксіз жерлер арасынан 6 күндік жүріс. Астур түріктер мекендеген, көптеген егіндері бар, көп сулы, көп санды қаласы; олардың негізгі егістері-бидай және күріш. Темір рудниктері бар. Темірден аса сымбатты, әсем бұйымдар жасайды.

Астурдан Сисанаға дейін құрғақ жермен шығыс бағытында 12 күндік жүріс, ал өзенмен одан да аз. Хақанның астанасы-темір қақпасы бар бекініс іргесімен қоршалған өте үлкен қала. Қалада патшаның көптеген әскері бар. Хақан астанасынан Маншанахке дейін солтүстік бағытта құрғақ жермен 4 күндік жүріс, ал өзеннің төменгі ағысымен одан да аз. Хақан қаласынан Фаварег қаласына дейін оңтүстік-батыс бағытта 4 күндік жүріс». Міне осылайша Әл-Идриси қимақтарда қалалық мәдениетінің дамығанын көрсетіп кетеді.

ХІ ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы саяси оқиғалар болып табылады. Тайпалардың қоныс болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар, ХІ ғасырдың аударуының негізгі себебі 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің құрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Тайпалардың орасан зор қоныс аударуының жаңғырығы орта ғасырлардағы көптеген деректемелерде: араб-парсы, орыс, армян, венгр, византия, сирия және т.б. деректемелерінде көрініс тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет