Білім беру бағдарламасы: 6В01601 Тарих Дайындаған: аға оқытушы, тарих магистрі Смағұлов Н. Б. Қарағанды 2023 ж



бет5/9
Дата07.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#106477
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
№ 5. Қимақ қағанаты-1

Ибн Хордадбехтің еңбегі көп жағынан халифаттың байланыс, почта қызметінің архивтеріне негізделген. Сірә, оның түріктер туралы айқын мәліметтерінің көбі, соның ішінде түрік тайпаларының жиі-жиі дәйексөз келтірілетін тізімі де (тоғыз-ғұздар, оғыздар, карлұктар, кимектер, кыпшақтар, азкиштер, түргештер және басқалары) VIII ғасырға жататын болса керек. Әл-Якуби (IX ғ.) мен Кудама ибн Жафардың (X ғ.) шығармалары жанры жағынан Ибн Хордадбехтің еңбегіне жақын.

Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет ІХ ғасырдың аяғы - Х ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, ІХ ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір-бірімен соғысып жатады».

Ибн әл-Факихте (Х ғ.) Қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері-оғыздардың, тоғыз-ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді» деп хабарлайды.

840 жылы Орталық Азияда аса зор саяси оқиға болды. Енесей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандап, саяси биліктен ұйғырларды ығыстырып тастады. Осы кезде 840 жылы Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған кірген тайпалардың бір бөлігі: эймур, байандұр, татарлар, кимек бірлестігінің ұйытқысына қосылады. Жеті тайпа құрамындағы кимек федерациясы нақ сол кезде қалыптасады. Енді кимек тайпаларының басшысы «байғу» немесе ябғу атағымен атала бастайды. Ябғу атағы өзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған. Түркі тілдес түрлі халықтардың – қарлықтардың, оғыздардың, ұйғырлардың билеушілерінің ябғу атағы болғаны мәлім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет