Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет20/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Байланысты:
Дәрістер

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қалижанов У. Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы.– Алматы: Әлем әдебиеті, 2013. – 500 б.

  2. Ердембеков Б. Абайтану: Оқу құралы.– Астана: Фолиант, 2012. – 432 б.

  3. Есім Ғ. Хакім Абай. – Астана: Фолиант, 2012. – 400 б.

  4. Молдаханов А. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық. – Алматы: Дәуір, 2011. – 192 б.

  5. Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 9 том. – Алматы: Ел-шежіре, 2011. – 384 б.

7 Лекция


ТАҚЫРЫП: Ақын өлеңіндегі даналық дәрістері


1. Ақынның терең тебіреніске толы философиялық ой өрнектері. Табиғат, адам, өмір, өлім, құдай, дін жөніндегі өлеңдері.
Абай даналығының бірінші көзі – әжесі Зере арқылы бойына сіңген туған халқының бай ауыз әдебиетінің мұралары, екінші қайнары – «Шығыстың жеті жұлдызы» Физули, Шәмси, Сәйхали, Науаи, Сахди, Фердоуси, Қожа Хафиз жырлары. Үшінші нәрлі арнасы – орыс және Батыс Еуропа классиктерінің еңбектері еді. Осының алғашқы екеуін Абай орыс тілін үйренгенге дейін еркін игерген, қорытқан. Яғни Мекемтас Мырзахметұлының сөзімен айтсақ:
«Абай отыз жасқа келгенде өз халқының рухани байлығымен және шығыс әлемімен мықтап қаруланған. Бұл екі бұлақ көзі Абайдың дүниетанымын қалыптастырды. Үшінші бұлақ көзі орыс арқылы жеткен батыстық ілім ортадан қосылады. Рас, ақындығына, өлеңдерінің тақырыбына әсер еткен. Бірақ дүниетанымында үлесі жоқ. Мұның дәлелі Абайдың «толық адам» ілімінде жатыр. Бұл ілімнің батыс әлемімен еш байланысы жоқ. Ислам мен өзіміздің түркі әлемімен біте қайнасқан».
Атақты Гетенің өзі «Шығыстың жеті ақыны бар. Мен оның ең жаманындай да емеспін» деген болса, Абай сол шығыс шайырларының қисса-дастандарынан, солардың данышпандық ой-тұжырымдарынан еркін сусындаған.
Европамен таныса келе Абайдың “Шығысым - батыс, батысым- шығыс боп кетті” деуі ақынның Батыс елдерінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі. Бұл тану, қызыға зерттеу, үлгі тұтып, нәр алу ақын шығармашылық жолына ізін калдырмауы мүмкін емес еді. Европа елдерінің әдеби қорына қарым-қатынасында Абай Құнанбаев жай ғана үйренуші, таңырқаушы, еліктеуші ретінде емес, үлкен ойлы, терең толғаулы ізгі ақындық ерекшелігімен, ұлттық келбетімен, ұлы реалистік өзіндік, Абайлық тұлғасымен сақтайтын қадір- қасиетімен, қалып
қабілетімен көрінді. Ақын қазақ сахарасының шегінен шығып, орыс мәдениетіне, сол арқылы Европа елдерінің мол қазынасына жалғыз өзі жол
тартып, туған әдебиеттің қадір-қасиетін бұрынғыдан да арттырып, биіктете
түсті.
Антикалық мәдениеттің Гомер, Софокл, Сократ, Платон, Ксенофонт, Аристотель сияқты өкілдері Абай шығармаларынан орын алды. Абай өлеңдерінде, әсіресе, қара сөздерінде кездесетін эллин мәдениетінің классик үлгілері ақынның рухани ізденіс үстінде адамзаттың ортақ мұрасына қол артқанын байқатады. Ежелгі гректердің эстетикикалық мұраттары қазақ ақынының да ізденіс-толғаныстарына үндесе үйлесті. Өзінің “жиырма жетінші сөзінде” өнеріне таңырқауға лайықты адамдар деп бәйітші, жыршы Гомерді, трагедия шебері Софоклды, суретші Зевксисті атайды. Грек ойшылдары арасынан Абайдың көбіне-көп назар аударғаны Сократ, Платон, Аристотель. Қайшылықтарды шешу арқылы шындыққа жету диалектикасын ашқан Сократтың философиялық және этикалық идеялары жетті. Абай бұл ойшылдарды атап қана қоймай, Ксенофонттың шығармаларын талдай оқып, соның негізінде “Жиырма жетінші сөзін” (Сократ хакімнің сөзі) жазды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет