Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Қара сөздер мен өлеңдеріндегі үндестік себептері



бет40/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
Байланысты:
Дәрістер

Қара сөздер мен өлеңдеріндегі үндестік себептері.

Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Кейбірсырт сипаттарына қарағанда Л. Н. Толстойдың «Круг чтения» деп аталатын еңбегіне ұқсас. Толстой өзінен басқа ойшылдардың көп-көп жайлардан жазған толғаулы терең пікірлерін жиып топтап, өз оқушыларына бірнеше кітап етіп ұсынған. Бірақ Толстой «Круг чтенияда» оқушыларымен тыныш, тату әңгіме өткізем дейді. Сөз бастағанда әрбір жайлардан өз ойларын келтірмейді.
Абайдың қарасөзінде Сократтың сөзін дін үгітшілерінің сөздерін келтіргендей етеді. Абай қарасөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Осыдан соңғы қарасөздер жөнінде айқын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Онысы - анығында солай да еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қарасөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қарасөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдар мен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысыменен әңгімелеседі. Және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық сипаттың жауы болатын аярлық жалғаншылық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтык, мансапқорлық, өсекші-өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тындаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді; Кейде өзі көп алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделік болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге сайып, мысқыл, әжуахалдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мақсатты ойлайды.
Өзінің адамгершілік, әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда Абай педагогикалық жақсы әдіс қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Сатылап отырып үгіт-өсиет асырады. Соңында тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі көп. Кейбір терең өсиет, озғын ойлар бұның тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін. Сол себепті елең сөздерінде ұзақтан, тереңдеп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік үлкен ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын мынау қарасөздерінде оңайлатып, азайтып, қысқартып айтатыны да болады. Бұл ретте кейде ақынның өлеңінде кездесетін қайшылықтар және тарихтық тар көлемді, түсініктер көбірек көрінетін кездері де болады. Оқушы мен көпшілік тыңдаушыларының өз тұсындағы сенім-нанымдарын еске алғандықтан, ақын дін тақырыбын көбірек сөз қылады. Әрине, оның өз нанымы өзгермейді. Сондықтан өлеңдегі сияқты дінді адамгершілік моральдың, тәрбиенің қараңғылыққа қарсы, шартты түрдегі өткелі есебінде бағалайды.
Осындай негізгі түсінік Абайдың қарасөзінде де көрінеді. Бірақ осымен қатар мұсылман дініне иланған тыңдаушыларына құдайдың, пайғамбардың, иман, парыздардың жайларын көбірек айтады. Мынау оқушылармен әңгімелескенде өз ойына соларды көбірек серік етеді. Және өлеңнен қарасөздерді төменірек түсіретін тағы бір өзгешелік бар. Онысы: дін түтынушылар мен би-болыс, атқамінерлер жөніндегі аса аяусыз, сыншы, жазушы болған қалпын Абай қарасөздерде біраз жеңілейтіп, ашуын азайтыңқырап алады.
Өлеңінде жаңағы топтар жөніндегі шығармалар көп болса, қарасөздерінде аз көрінеді. Бірнеше шығармаларда басып айтқан ащы, сыншы пікірлер болғанмен, көпшілік қарасөздер орташа шындықты орташа халде тарады. Бұнда жалпы байкалатын күй, осы тыңдаушылармен Абай тану, тыныш мәжіліс құрғандай болады. Ол тыңдаушыларды әрине «Ғаклиат-тасдихаттағы» оқушылар ғана деп бағалау дұрыс болмайды. Өйткені «Ғақлиатты» Абай өзінің касында жақын жүрген шәкірт достарына, үміт еткен жаксы жастарына аса бір жылы жүректен ағалық өсиет етіп айтқан. Ал, көпшілік қарасөзде Абайдың көзалдында көрініп отырған тындаушысы жаңағы жастар ғана емес сияқты. Бірақ олар Абайды аяп әңгімелесетін, тартына сөйлейтін адамдары тәрізденеді. Осы себептен болу керек, қарасөз ой тереңдігі жағынан да көп өлең сөздерден таязырақ, сәл ғана шындықтардың өріс-өрісін байқаткандай болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет