Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Қара сөздердің жазылу тарихы. Бірінші сөздегі автордың түсінігі



бет37/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
Байланысты:
Дәрістер

Қара сөздердің жазылу тарихы. Бірінші сөздегі автордың түсінігі.

Абай сөздерінің дүние жүзілік әдебиеттегі осы сарындас туындылармен ұқсастығы.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

  1. Өз топырағымызда пайда болған еңбектермен салыстыру.

Ә. Қоңыратбаев “Фараби және Абай” деген мақаласында  осы отыз сегізінші қара сөзі жайында: “Бұған әзірше ешкімнің тісі батпай жүр. Мұны түсіну үшін араб  тілін білу жеткіліксіз, сонымен бірге ислам  философиясын да білу қажет. Мұнда Абай Фейербахша дінді реформалап, соны жаңашылыққа бейімдегісі келеді. Қайшылығы бар. Ол Фейербахтың “Махаббат діні” деген еңбегіне  ұқсайды. Алайда Абайдың отыз сегізінші, қырық үшінші сөздерінің бас тақырыбы алла емес, адам бойындағы табылмаған қасиеттер. Дінді Абай антропология теориясымен түсіндіреді. Өйткені адам құдайды өзіне ұқсатып  жасаған,  сондықтан негізгі жаратушы адам, ол өзін аллаға ұқсатуға тиіс, дейді”.
Абай Алланы сүюін, Алланы тану жолындағы адам баласының түйсік аласапыранын өлеңде де, қара сөзде де  үздіксіз  қозғады. Оның дүниетаным шеңбері жайлы кесім айту – алынбайтын алыс асу. Дегенмен де Абайдың өлең сөзі мен қара сөзін толтырған, дүние, жаратылыс жайлы толғаныстарын тоғайтып отырған, толықтырып отырған  қайнар көздерді  көре білу, олардан Абайдың сіңіргені мен адамзат  даналығына  өз қосқанын ажырата тануға ұмтылыс  заңды.
Бұл жөнінде абайтанудағы қилы кезеңдегі тұжырым-түйіндердің қайшылығын ғылымның ендігі жетістігімен  ой желісін құнарландыра отырып, тігісін жатқыза  және бір қарастыру  да  көкейтесті.
Ғарифолла Есімнің тәсілі де ойға тартады: “Мен Абайды тануда өзгеше тәсіл қолдандым. Оның аты еуропаша герменевтика, арабша – бари ирманийас. Бұл түсінік туралы ғылым немесе түсінікті түсінудің  тәсілі. Түсінікті түсіну деген сөз, біреудің ойлау  тәсілін  меңгеру”.
Ахмет Байтұрсынов “Әдебиет танытқыштың” “Қара сөз” бөлімінде жасаған теориялық негіздемелердің, сөз жоқ, Абайдың қара сөздеріне  әбден қатысы бар. Мұнда ғалымның өзінің тұжырымдарына Абайдың қара сөздерін негіз етіп отырғанын  байқауға болады. А.Байтұрсыновтың  бұл пікірлеріне ден қойып қарасақ, Абай қарасөздерінің теориялық негіздемесін бекіте түсер түйін-тұжырым жатқаны даусыз.
“Нәрсе турасында  тиісінше сөйлеу үшін  тиісінше  ойлау  керек. Тиісінше ойлағанда  ойымыз, ұғым түрлеріне қарай бірнеше  тармаққа бөлінеді.
1. Ғалам тарапына.
2. Құдай тарапына.
3. Ғылым тарапына,
4. Әлеумет тарапына,
5. Үгіт-тәрбие тарапына,
6. Сын тарапына
Ахмет Байтұрсынов осыларды таратып, ұғындыруда көбіне Абай қара сөздерін  негізге  алып отырғаны көрінеді.
Адам танымының шектеулілігіне қатысты, ғылымға, әлеумет жайын қозғаған көсемдік  ұғымдарға, басқаға тапқан білімді үйретуге  жұмсағанда үгіт-қара сөздеріндегі ұғымы, басқаның ісін таразылап, ұнамды, ұнамсызын  тексергенде сын ұғымы жүйесі  пайда болады дейді.
Қара сөздерде өмір философиясы, қазақ әдебиетінде ежелден келе жатқан  сарын – не жақсы, не жаманның  жайы түйінделген. Халық ұстанған өмір сүру қағидасы, Абайдың өмір қағидасы құрғақ  ақыл – жалаң дидактика емес. Адамның дүние жаратылыстың еріктен тыс заңдылықтарымен үйлесім  тауып ғұмыр  кешудің  қисындары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет