Әдебиеттер тізімі: Қалижанов У. Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы.– Алматы: Әлем әдебиеті, 2013. – 500 б.
Ердембеков Б. Абайтану: Оқу құралы.– Астана: Фолиант, 2012. – 432 б.
Есім Ғ. Хакім Абай. – Астана: Фолиант, 2012. – 400 б.
Молдаханов А. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық. – Алматы: Дәуір, 2011. – 192 б.
Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 9 том. – Алматы: Ел-шежіре, 2011. – 384 б.
№ 14 Лекция
Тақырып: Абайтану ілімінің қалыптасу кезеңдері.
1. Абай мұрасы жөніндегі ең алғашқы пікірлер (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов). Абай және Алаш қозғалысы. Шежіре – бастауы мерзім жағынан 100 жылдан асып жатқан Абайтану ғылымының көшбасы ретінде Әлихан Бөкейханов жеке дара айтылады. Табиғи дарыны іргелі мол білімімен байыған ғұлама, ақыл-парасат иесі болған Ә.Бөкейханов Абай шығармашылығына баспасөз ретінде лайықты баға берген бірінші сыншы.
«Дала уалаятының» газеті бетінде 1889 жылғы көктемде жарық көрген «Жаздыгүн шілде болғанда» және «Болыс болды кей кісі» деген өлеңдерінің авторын ол қазақ поэзиясы көгінде көрінген тың тұрпатты жарық жұлдыз деп білді. Қалың қазақ қауымына жария етті.
Одан кейін, Ә.Бөкейханов 1903 жылы Петербургте басылып шыққан «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» деген көп томды іргелі ғылыми еңбекті жазуға қатысқаны мәлім. Бұл кітаптың 18-томы қазақ өлкесіне арналған болса, сондағы «халқы» деген бөлімді Ә.Бөкейханов жазы. Бөлімнің «Қазақ өлкесінің тарихи тағдырлары» деген бір тарауы қазақ қоғамының материалдық және рухани әдениетінен мол хабар береді.
Абайдың қазақ мәдениетіндегі орны туралы баспасөзде алғаш жазғандардың енді бірі – Міржақып Дүлатов. Ол 1908 жылы «Уақыт» газетінің (Редакторы Фатих Кәрімов) 383 санында «Ибрахим ибн Құнанбаев» деген тақырып пен шағын мақала бастырады.
Осы мақаланы тілге тие кете отырып, зерттеуші М.Мырзахметов «бұл мақаланы Зейнелқабидендікі» деп (Зейнелқабиден ибн Әмре.-З.Т) санайды. Ал, Ә.Жиреншенің пікірінше, оны Катықай жазған». Қазір толық дәлелденіп отырғанындай, бұл мақаланың авторы М.Дулатов екені дау туғызбайды.
Автор байдың 4 жыл бұрын 59 жасында қайтқанын, «Семей облысынан нәсілі Тобықты руынан екенін» хабарлайды. Абайдың ақындық қуаты, ағартушылық еңбегң, ойшылдығы туралы алғашқы салмақты пікірді де осы мақаладан табамыз.
Абайтанудың алғашқы қадамдарын саралағанда 1913 жылы «қазақ» газеті бетінде жарық көрген «Қазақтың бас ақыны» деген мақала оқшау көрінеді. Мақала ( авторы- А.Байтұрсынов) «Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысымыздағы орны, көркемдік-эстетикалық сипаттар дұрыс көрсетіліп, терең талданып, алғаш рет қазақ оқырмандарынығ алдына таратылады».
Мақаланың кіріспесінде А.Байтұрсынов осындай ұлы тұлғаны қалың қазақтың әлі де толық біле бермейтініне, білгендерінің Абай сөздерін түсінбейтініне өкінеді. Мұның мәнісі – ел ішіне ғылым-білімнің тарала қоймауы, мәдени шенеунік еді. Тіпті өз ортасынан суырыла автордың өзі де «Абайдың сөзін көрмей тұрғанда, мақтағанына сенбей; қазақ үкілеген өз құнанын өзгелердің тұлпарынан артық көретін мінезі болушы еді, мақтап отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейідахмет, Ақмолдаларымыз сықылды біреу ғой деп жүреміз»,-деп ағынан жарылады. Мұнысы – тарихи ақиқат. Ол кезде Абай шығармаларының баспа арқылы кең тарала қоймаған, Ахаңның өзі Абай өлеңдерін қолжазба дәптерден таныған.