Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет38/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Байланысты:
Дәрістер

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қалижанов У. Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы.– Алматы: Әлем әдебиеті, 2013. – 500 б.

  2. Ердембеков Б. Абайтану: Оқу құралы.– Астана: Фолиант, 2012. – 432 б.

  3. Есім Ғ. Хакім Абай. – Астана: Фолиант, 2012. – 400 б.

  4. Молдаханов А. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық. – Алматы: Дәуір, 2011. – 192 б.

  5. Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 9 том. – Алматы: Ел-шежіре, 2011. – 384 б.

13 Лекция


Тақырып: Абайдың шежіресі



  1. Қазақтың қайдан шыққаны жөніндегі тарихи очеркі. Халқымыздың генезисі жөніндегі ғылыми пікірлерге Абайдың қосып кеткен үлесі.

«Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» - Абайдың тарихи танымының өресі мен өрісін танытатын қазақ халқының түп негізінен деректер беретін зерттеу. Жанрлық жағынан алып қарағанда тарихи очерк арнайы зерттеу мақала деуге болады. Абай бұл еңбегін жазғанда оның қолында халқымыздың түп негізінің шығу шежіресіне жол сілтейтін орыс, қытай, араб, парсы тілдерінде жазылған әдебиеттер болған. Сондықтан да ол өзі сөз еткен мәселе төңірегінде ой тарқатқанда, әдеттегідей, «мен бұл жөнінде бұдан басқаны естімедім» демейді, «кермедім» дейді. Ал Абай қолданысындағы «көрмедімнің» «оқымадымды» алмастырып тұрғаны өзінен-өзі түсінікті. Сондай-ақ оның: «Дін исламға кіре алмай қалған, осы күнде Күншығыс Сібірінде қазақтың ағайындары бар», «Енисейск гүбірнеде Минусинскі уезде «ясашынай татар» атында халық бар», «сол қырғыздарды қытайлықтар «брут» деп атайды», «абыз», демек, әуелде шаман дініндегілердің өз молласына қоятын аты екен», «сол арабтар көшпелі халықтарды «хибаи» деп, «хүзағи» деп атапты», «Бұланай деп Гималайды айтқаны ма, Үндүкеш тауы ма?» тәріздес сол кез түгілі осы заманның оқыған қазағының өзінің бәрінің бірдей ойласа ойына, жазса қаламына іліне бермейтін, ғылыми мәні мол көптеген деректері де, Жошы мен Шағатай ұрпақтарының аты-жөнінің және олар болған жердің атауларының дұрыс көрсетіліп, оқиғалардың дәл берілуі де ақынның жазба материалдарға сүйенгенін көрсетеді. Тек бір өкініштісі - Абай «мен мыналарды оқыдым» деп еш жерде айтпаған. «Бабырнамадан» басқа «мына деректі мынадан алдым» деп ешбір шығарманың атын көрсетпеген. Соған қарамастан, Абай мақаласы — халқымыздың тарихын ғылыми жолға салу бағытында жасалған алғашқы қадамдардың бірі. Сондықтан да оның төл тарихымыз үшін алар орны ерекше. Мұндағы Абай айтқан ойлар мен тұжырымдардың ғылымдық құндылығымен бірге саяси әлеуметтік мәні де зор.
Еңбекте «Есте жоқ ескі мезгілде, моңғолдан бір татар аталған халық бөлінген екен. Қытайлар оны «татан» деп жазады. Асыл түбі қазақтың сол татар» деген жолдар бар. Бас-аяғы үш-ақ сөйлемнен тұратын осы хабарламада, Абай айтқан, есте жоқ ескі замандарда Орта Азияны мекендеген халықтардың тұтас тарихы жатыр. Абай қандай шығарма оқысын, нені естісін, солардың ішінен қажеттісін ғана сүзіп алған да, оны өз қалыбына салып, өз өлшемімен пішіп, өз үлгісінде қолданған.
“Түп тамыры ғылыми дәлдікке тартар деректерді сонау шалғайдағы Шыңғыс таудың қазағы Абай қай тарихтан, қандай шығармадан оқып, біліп жүр?” деген заңды сұрақтарға жауап беру үшін Абай заманында баспа бетін көрген, болмаса “қолдан көшіріліп жұртшылық арасына тарауы мүмкін-ау” деген тарихи шығармаларды саралауға тура келеді. Сонда ой кезіне алдымен шалынары – ақынның кітап оқуға ден қойған кезінде орыс тіліне аударылып, ғылыми ортаға кеңінен тараған Рашид-ад-Диннің “Жылнамалар жинағы”, Хондемирдің “Монғолдар тарихы”, Әбілғазы Баһадүрханның “Түрік шежіресі” секілді тарихи мұралар. Осының үшеуінде де жоғарыда айтылған түрік тарихы, түріктен татар мен монғолдың бөлінуі, олардың бөліну себептері жан-жақты, толық жазылған.
Халқымыздың көне тарихының бастауынан мол мағлұмат беретін қытай жылнамаларының дерегін шығыстанушы, чуваш халқының перзенті Н.Я. Бичурин аудармасы арқылы оқып білген Абай өзіне тән шыншылдықпен ондағы әр жаңа ой түйіндеулеріне сын көзімен қарап, ой елегінен өткізгені хақ.
Сонымен бірге, Абай пайдаланған қытай деректерінің бірі – Енесей бойының қырғыздары жайында. Еңбекте Абай енесейлік қырғыздардың тұрмыс-тіршілігі, мекен-жайы жөнінде, олардың Алатаудың бөктеріне қалай келгендігі жайында біраз құнды деректер береді. Солардың ішінде “сол қырғыздарды қытайлар “брут” деп атайды, өз таурихларында оның себебін, неліктен қытайлар “брут” дегенін еш білдім дегенді көрмедім.
Біздің қазақтар Бийскідегі, Кузнецкідегі қалмақтарды “білеуіт” дейді. Менің ойым: “білеуіт”, “брут” бір сөзден шыққан деймін, о да қырғыздың нәсілі болмағы таң емес” деген тың мағлұматты дерегі мен “брут” сөзінің шығу төркінін табуға ұмтылған ғылыми болжамы аса құнды.
Халқымыздың шығу тегі жөніндегі осы мақаласында Абайдың кеңірек тоқтап, молырақ орын беретіні арабтардың басқыншылық жорықтары, олардың Орта Азия мен Шығыс Түркістанды жаулап алып, жергілікті халықтарды ислам дініне күштеп кіргізуі, олардың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын зорлықпен бұзып, өздерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ендіруі секілді мәселелер.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет