Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит


Тауарлы-материалдық қорлардың түсінігі және классификациясы



бет27/51
Дата09.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#56212
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
1. Тауарлы-материалдық қорлардың түсінігі және классификациясы

Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ) – кәсіпорын мүлігінің бөлігі, және оның келесі белгілері бар:



  • өнімді өндіргенде, жұмыстарды істегенде немесе қызметтерді көрсеткенде қолданылады;

  • сатылу үшін тағайындалған;

  • кәсіпорынды басқару мұқтаждықтары үшін қолданылады.

ТМҚ-дың құрамына кіреді: шикізат пен материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауарлар.
ТМҚ кәсіпорынның ең маңызды активтердің бірі және түсімнің негізгі көздерінің бірі болып табылады, яғни оның есебі және бағалануы балансқа және қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есебіне үлкен дәрежеде әсер етеді.
Шикізат пен материалдар. Материалдар – бұл кәсіпорынның тауарлы-матералдық қорлардың бір бөлігі, ол өнжірістік және шаруашылық прецсте еңбек заты ретінде қолданылады. Сонымен қатар материлардарқың құны дайын өнімнің, істелетін жұмыстың, көрсетілетін қызметтің құнына толығымен көшеді.
Өнімді өндіру, жұмысты істеуе және қызметті көрсету процестеріне байланысты материалдар келесі топтарға бөлінеді:

материалдар басқа ТМҚ сияқты оларды сатып алудың фактілі өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепте бағаланады.
Дайын өнім – өндірістік процестің соңғы нәтижесі болып табылатын және сатылуға арналған кәсіпорын ТМҚ-дың бір бөлігі.
Дайын өнімнің қозғалысының есебі ақшалай және табиғи көрсеткіштер түрінде есептеледі. Табиғи көрсеткіштер физикалық мәндерді көрсетеді: санын, көлемін, салмағын.
Қорлардың есебі екі мүмкін болатын әдіске бөлінеді:

  • үздіксіз;

  • кезеңдік.

Бухгалтерлік есепте үздіксіз және кезеңдік жүйелерінің айырмашылықтары үздіксіз есебі кезінде «Тауарлар» шотында жаңа сатылымдар, сатулар және тауарлармен байланысты басқа операциялар көрініс табады. Ал кезеңдік есептік жүйені жүргізгенде қолма-қол тауарлық қорлардың түгенделуіне дейін осы шот бойынша мәліметтер алғашқы деңгейде қалады. Нәтижесінде кезеңдік есеп жүйесінде «Тауарлардың сатып алынуы», «Сатып алынған тауарларды қайтару және бағалау», «Сатып алудан жеңілдіктер» және «Тауарларды сатып алу бойынша көліктік шығындар» сияқты шоттар қолданылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет