Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит



бет29/51
Дата09.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#56212
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Бақылау сұрақтары:

  1. ТМҚ дегеніміз не және оның классификациясы.

  2. ТМҚ өзіндік құны қандай шығындардан тұрады?

  3. ТМҚ бағалау әдістерін атаңыз.

  4. Бухгалтерияда ТМҚ құрастыру қалай жүргізіледі?

  5. ТМҚ қоймада қалай есептеледі?



Тақырып 10. Ұзақ мерзімді активтердің есебі – негізгі құралдар

Мақсаты: студенттерді негізгі құралдардың ұзақ мерзімді активтерімен таныстыру


Глоссарий
Ұзақ мерзімді активтер – бұл өндірістік, әкімшілік мақсаттармен немесе жалға беру үшін қолданылатын, бір жылдан артық қызмет көрсете алатын активтер.
Материалдық емес активтер – бұл өндірісте немесе тауарларды өткізгенде, әкімшілік мақсаттарда және басқа субъектілерге жалға беру үшін, ұзақ уақыт бойы қолданылатын, физикалық заты жоқ активтер. Материалдық емес активтер алғашқы құн бойынша бағаланады.
Негізгі құралдар – бұл ұйыммен өндіріс үшін немесе дайын өнімді жеткізу үшін, басқа ұйымдарға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттарда, ұзақ уақыт бойы қолдануға болатын материалдық активтер.
Амортизация – бұл активтің қызмет ету мерзімі бойы амортизацияланатын құнын систематикалық орналастыру түрде, тозудың құндық сипаттамасы.
Жоспар:

  1. Негізгі құралдардың түсінігі және классификациясы.

  2. Негізгі құралдарды бағалау.

  3. Негізгі құралдардың кірісің немесе шығысының құжаттық құрылуы.

  4. Негізгі құралдардың тозуы.



1. Негізгі құралдардың түсінігі және классификациясы


Ұзақ мерзімді активтер – бұл өндірістік, әкімшілік мақсаттармен немесе жалға беру үшін қолданылатын, бір жылдан артық қызмет көрсете алатын активтер. Ұзақ мерзімді активтерге материалдық емес активтер және негізгі құралдар жатады.
Материалдық емес активтер – бұл өндірісте немесе тауарларды өткізгенде, әкімшілік мақсаттарда және басқа субъектілерге жалға беру үшін, ұзақ уақыт бойы қолданылатын, физикалық заты жоқ активтер. Материалдық емес активтер алғашқы құн бойынша бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет