Қайта өзгерту өлшем – деп бұл өлшем ақпарат сигналын өңдеу немесе сақтауға, сондай-ақ көрсеткіш құрылымға хабарлауға ыңғайлы түрге өзгерту еңгізуге қызмет ететін өлшеу құралы. Қайта өзгерту өлшемдері өлшеу аспаптың конструктивтік схемасына немесе оны мен бірге қолданылады да, бірак қайта өзгерту сигналы бақылаушының қабылдауына тура берілмейді. Масалы, қайта өзгерткіші компьютердің есіне (памятына) ақпараттарды беру, кернеуді көбейту үшін қажет болу мүмкін. Өзгертілетін шаманы кіру шамасы, ал өзгертілген нәтижесін шығу шамасы деп атайды. Қайта өзгерту өлшемінің негізгі метрологиялық сипаттамасы кіру және шығу шамалар арасындағы қатынасы мен саналады, оны өзгерту функциясы деп атайды.
Өзгерткіштері шығыс кезінде берілетін, шамасы тіркеу немесе аралықта хабар беруге ыңғайлы түрге келтірілген бастапқы (өлшенілетін шаманы тура келтіретін) берілімге, бастапқы мен үйлесіп жұмыс істейтін және физикалық шаманың түрінің өзгеруіне әсер етпейтін аралық берілімге бөлінеді.
Өлшеу аспаптар– деп бұл қолданушының қабылдауына ыңғайлы түрге келтірілген өлшем ақпараттарын алуға арналған өлшеу құралдарын айтады. Өлшеу аспаптарын тура әсер ететін және салыстыру аспартар деп бөледі.
Тура әсер ететін аспаптар өлшенетін шаманы осы шаманың бірлікке сәйкес бөліктері бар көрсеткіш қондырғына көрсетеді. Осы кезде физикалық шаманың түріне өзгертіліс еңгізілмейді. Тура әсер ететін аспаптарына амперметр, вольтметр, термометр және т.с.с. аспаптар кіреді.
Салыстыру аспаптарөлшенетін шаманы мәні белгілі шама мен салыстыруға арналған. Осындай аспаптар ғылыми мақсатпен, сондай-ақ тәжірибеде сәулелену көзінің жарықтығын, қысылған ауаның қысымын өлшеуге және т.с.с кенінен қолданылады.
Өлшеу қондырғылар мен жүйелер– деп бұл өлшенетін объектінің бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу үшін көмекші қондырғыларды функциональді белгілер бойынша біріктірген өлшеу құралдар жиынтығын айтады. Осындай жүйелері автоматтандырылған және жүйеге ақпараттың кіруін, өлшеу үдірісін автоматтандыру, өлшем нәтижесін қолданушының қабылдауына өңдеу мен көрсетулерді қамтамасыз етеді. Осындай қондырғылар (жүйелер) статистикалық бақылау әдісі үшін маңызды бақылауға (мысалы өндірістік үдірістерін) қолданылады.