1 ДӘРІС: Метрологияның мәні мен мазмұны Метрология туралы жалпы мәліметтері Дәрістің жоспары.
Метрология — бұл өлшеу тұралы ғылым.
Өлшем түрлері.
Өлшеудің обьект ретінде физикалық шамаларды қарастыру.
Физикалық шамалардың халықаралық жүйе бірлігі.
Метрология —бұл өлшем тұралы ғылым Метрология (греч. "метро" - шама, "логос" - оқу) — бұл өлшемдердің, әдістері мен құралдардың, олардың бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету тұралы ғылым.
Қазіргі метрологиясы үш құрасытырушы метрологияны өзіне еңгізеді:
Метрология ғылыми және тәжірибелік әрекет негізінде көне уақытта пайда болған. Көне орыс тәжірибесіндегі негізгі өлшем жүйесіне көне египеттік өлшем бірліктерін қолданған, ал олар көне грециядан және римнен алған. Әрине, әр өлшем жүйелердің өзінің эпоха және ұлттық менталитпен байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері болды.
Бірліктердің атау және олардың шамалары арнайы аспаптарды қолдаңбайтындай, қол асты әдістерін жүйеге асыру мүмкіншілігіне сәйкес болды. Сондай-ақ, Русьтің негізгі ұзындық бірлігі қарыс пен шынтақ болды (сол сияқты, қарыс көне орыстың негізгі ұзындық шамасы болып қызмет еткен). Одан әрі, басқа бірлік – аршин – пайда болған кезде қарыс қолданудан шықты (қарыс=1/4 аршин).
“Шынтақ” өлшем бізге Вавилоннан келді, ол шынтақтың бүгілген жерден қолдың ортаңғы саусақтың аяғына дейінгі шаманы білдіреді.
XVIII ғасырдан бастап Ресейде Ағылшыннан алыңған дюйм (саусақ деп аталған), сондай-ақ фут. Орыстың ерекше өлшемі сажень (ол үш шынтаққа тең, яғни 152 см) және қиғаш сажень (248 см жуық) болып келді.
Петр І-дің жарлығыменресейлік ұзындық өлшемдер ағылшындық пен келісілген және де бұл жарлығы – ресейлік метрологиясын европиялық пен үндестіру алғашқы саты болды.
Метриялық жүйе өлшем Францияда 1840 ж. еңгізілген. Метриялық жүйені кен таратуға және Ресейге оны қолдану маңыздылығына Д.И.Менделеев үлкен рольді атқарды
Ғылыми және техниканың дамуына байланысты жаңа өлшемдер мен жаңа өлшем бірліктер қажет болды, яғни фундаментальді және қолдаңбалы метрологияны жетілдіруді ынталандырды.
Алғашқы өлшем бірліктер прототиптерін қоршаған ортаның макрообъекттер мен олардың қозғалыстарын зерттеп іздестірді. Яғни, Жердің ось айналасында айналу мерзімнің бөлігін секундамен санай бастады. Біртіндеп іздестірулер атомдық және ішкіатомдық деңгейіне көше бастады.
Ескі өлшем құралдар(таяқ, көленке, кесе, тас және т.с.с.) көрінбейтін сәулені көру, магниттік күшті сезу және тағы басқалай бізге белгісіз құбылыстарды түсінуге мүмкіншілік беретін жаңа өлшемдерге ауысты.
Дыбысты және электромагниттік толқындар мұхиттың тереңдігін, мұз айдынның қалындығын, Жердегі үлкен қашықтықты, Айға және басқа планетаға дейінгі қашықтықты өлшеуге арналған.
Дыбыстың толқыны мұхиттың түбіне жетіп қайтадан жаңғырық ретінде қайтып келеді. Толқынның барып келу уақыты мұхиттың терендігін анықтау мүмкіншілігі береді, яғни толқынның суда жүру жылдамдығы белгілі (эхолот).
Электромагниттік толқыны оларды бағыттаған заттардан немесе планетадан жарықтың жылдамдықпен жаңғырық ретінде қайта қайтып, қашықтықты анықтауға мүмкіншілік береді (радиолокация).
Дәл өлшемдер фундаментальді жаңалықтарды ашу мүмкіншіліктерді берді.
Эйнштейннің өлшемдердің нәтижесінде уақыт туралы бұрынғы түсініктерді әшкерелеп (опровергнуть), салыстырмалық теорияны шығарды.
Өлшеу ісі үлкен және ашылмаған қорлары бар, оларды қолдануы техникалық прогресін жүзеге асыру негізгі шешімдердің бірі болып табылады.