Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет34/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Байланысты:
КАЗ Метод указания ОМ 2023 24 Химия 1 курс

ОСӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Олейн қышқылының қасиеттеріне келтірілген тұжырымдардың қайсысы сай келеді?

  1. көмірсутек радикалында екі π-байланыс бар

  2. табиғи липидтердің құрамына цис-конфигурациясында болады

  3. бөлме температурасында қатты күйде болады

  4. көмірсутек радикалы 18 көміртек атомынан тұрады

  5. көміртек атомыны жұп саннан тұрады

  6. алмастырылмайтын жоғары карбон қышқылына жатады

2. Олейн қышқылының цис-, транс-изомерін жазыңыз. Табиғи қанықпаған жоғары май қышқылдары қандай конфигурацияға ие?
3. Түзілу реакцияларын жазыңыз: 1) 1,2-дилинолеоил-3-пальмитоилглицериннің; 2) 1,2,3-триолеоидглицериннің. Алынған майлардың консистенциясы қандай? Алынған триацилглицериндердің қайсысы қатты, сұйық майға жатады? Қайсысының иодтық саны жоғары?
4. 1,2-дилинолеоил-3-олеоилглицериннің түзілу реакциясын жазыңыз. Алынған майдың толық гидрлену реакциясын жазыңыз. Гидрленуге дейінгі және кейінгі майдың консистенциясын анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
5. Тристеариннің натрий гидроксидімен сабындану реакциясын жазыңыз. Гидролиз өнімдерін атаңыз.
6. Құрамында стеарин және линолен қышқылдарының ацилқалдықтары және глицерин, фосфор қышқылы, серин бар фосфатидилсериннің түзілу реакциясын жазыңыз. Молекуланың полярлы және полярсыз жағын көрсетіңіз. Фосфатидилсериннен қай реакция арқылы фосфатидилэтаноламин алуға болады?
7. Видеодәрістерлі қарап шығу
(https://youtu.be/buTxOeC1jTs ;
https://youtu.be/NJ4Ujro4YyI ;
https://youtu.be/swn1Nvg14UY ) және сабаққа дайындалуға арналған сұрақтарға жауап беру


ОСӨЖ-ді бақылау: кеңес беру кезеңінде кері байланыс түрінде


СӨЖ үшін тапсырмалар: Тірі ағзадағы липидтердің атқаратын қызметі (жауап үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) беріледі). Липидтер мен оның құрылымдық компоненттерінің қатысында жүретін тотығу үдерістерін сипаттаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет