Білім беру бағдарламасы біліктіліктер: 21606 Техник-технолог 121604 Астықты өңдеу аппаратшысы



бет12/42
Дата27.09.2023
өлшемі225,42 Kb.
#111073
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
38-Элеватор-ұн-тартатын-жармалық-және-құрама-жем-өндірісі-мамандығы-бойынша

Өндірістік оқу

Икемділігі:

  • компанияда қолданылатын ұсақтағыш машиналарын білу

  • талап етілетін ұсақтағыш техниканың есебінен ұн өнімдерін таңдау

  • түрлі машиналарды жөндеудің тәсілдеріне ие болу, олардың өнімге әсерін білу

  • өндірілетін өнімге қатысты құқықтық нормаларды, әсіресе, тамақ туралы заң нормаларын білу

  • сапасын қамтамасыз ету үшін кәсіпорында қолданылатын микробиологиялық, физикалық және химиялық зерттеулер әдістерін игеру



Дағдылары:

  • мақсаттық параметрлеріне сәйкес ұсақтау машиналарын дұрыс дайындау

  • ұсақтау машиналарының жұмысын бақылау және мониторинг жүргізу, өндіріс үдерісінде кемшіліктерді анықтау, оларды жою бойынша шараларды қолдану, осы барлық үдерістерге құжаттамалық есеп жүргізу

  • ұн және аршылған өнімдердің сынамаларын алу, құрамын анықтау, микробиологиялық құрылымын тексеру, өнімді одан әрі қолдану мақсатында физикалық қасиеттерін анықтау

  • електі талдау жүргізу, мәліметтерді жинау және талдау

  • құқықтық нормаларды, әсіресе, тамақ және жарма туралы заңын қолданып, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің көмегімен амалдарды шешу,арнайы және стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану

Кәсіптік практика

Икемділігі:

  • ұсақтау тәсілдерін анықтау қойылған мақсатқа тиісті ұсақтағыштар/жабдықтарды таңдау

  • таңдалынған жабдықта өнімдерді ұсақтауды жоспарлау, ұсақталған өнімдерді бағалау және өңдеудің кейінгі кезеңдерін анықтау

  • білікті білдек/уатқышта дәнді ұсақтау үдерісінде рифли санын/бұрыштарын/, диаметрін, ауытқу мен қаттылығының әсерін зерттеу

  • түрлі ұсақталған өнімдердің сапасын тексерудің тәсілдерін түйістіру/жинау



Дағдылары:

  • електі талдау арқылы ұсақтау тиімділігін бақылау, дән мөлшерін таратудың нәтижелерін хаттамаға жазу

  • ұсақтау тәсілдері/ұсақтау технологияларын диаграммаларда көрсету

  • ұсақтағыштардың машиналық параметрлерін есептеу

  • түрлі біліктердің әсерін бағалау және біліктің түрлі беттері мен қиыстыруының суретін дайындау

  • електі талдау жүргізу және ұсақтау нәтижелерін бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет