Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Оқытушының «дамуы», «тәрбиесі», «жеке тұлғалық қалыптасуы» деген түсінікті ашыңдар.
2. Жоғары мектеп педагогикасындағы маманға қойылтын талаптар мен қағидалар.
3. Педагогтың дербес қасиеттері
4. Халық педагогикасы
5. Халық педагогикасындағы ғалымдардың еңбектері
Әдебиеттер:
1. Ахметова Г.К.; Исаева З.А. Педагогика: учебник для магистратуры
университетов. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 328 с.
2. Бурлакова – Топорокова М.В., Столяренко Л.Д. Пелагогика и
психология высшей школы. – Ростов н/Д.: Феникс, 2002.
3. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. – Минск: Вышэйщая школа,
2005.
4. Алиетов Н.Ш., Арымбаева К.М. Педагогика: ғылыми-педагогикалық
бағытындағы мамандықтар магистранттары үшін оқу құралы.- Шымкент,
2014.
5. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы. – Шымкент, 2003
№ 7. Дәріс. Білім беру жөнінідегі нормативтік құжаттар.
Мақсаты: Болашақ мамандарды нормативтік құжаттармен жұмыс жасауды үйрету.
Тірек ұғымдар: нормативтік құжаттар, қаулы, заң, тармақ.
Жоспары:
Нормативтік құжаттарға шолу.
Білім беру туралы заң.
Білім беру мазмұны.
Дәріс мазмұны: Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының, оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізінде қалыптастыруға қажетті жағдай жасау көзделді. Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды:
оқыту бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;
жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыру, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту;
отан сүйгіштік пен азаматтылыққа өз Отаны деген сүйішпеншілікке, мемлекеттік рәзімдерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу;
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру;
әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру;
білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өз билеу құқын және білім беруді басқару міндеті мен демократияландыру ісін кеңейту;
оқытудың жаңа технологиясын еңгізу, білімді информатизациялау, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу;
еңбек рыногында бәсекелсе алатын жоғары дәрежелі жұмысшылар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау;
жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;
білім беру ұйымдарының түрлі қызметкерлерінің қарқынды дамуына көмектесу.
Достарыңызбен бөлісу: |