Білім беру бағдарламасы «Білім тобы» мамандықтарына арналған Құрастырғандар: Ергалиева Г. А. п.ғ. к., доцент


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет15/52
Дата02.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#131379
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Нормативтік құжаттарға сипаттама бер.

  2. Тәрбие принциптерін жүзеге асыру ережелерін ата.

  3. Тәрбие заңдылықтары мен принциптерінің айырмашылығы неде?

  4. Білім беру стандарттары, бағдарламалары

  5. Заң және заңдылық ұғымы.

  6. Тәрбие заңдылықтарын ата және оларды мәнін ашып көрсет.

  7. Тәрбие принциптерін ата және олардың мәнін аш.

8. Дәріс. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.


Мақсаты: ҚР нормативтік құжаттармен болашақ мамандарды ақпараттандыру, жүйелеу, таныстыру.
Тірек ұғымдар: мемлекеттік стандарт,бағдарлама, фактор, білім туралы заң
Жоспары:

  1. Нормативттік құжаттарға сипаттама.

  2. Нормативтік құжаттардың жіктелуі.

  3. Білім берудегі негізгі факторлар.

Дәріс мазмұны: Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды. Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері – азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

  • білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру;

  • нәтижесін дұрыс мөлшерлеу;

  • білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау;

  • жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету;

  • білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету;

  • оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету;

  • мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;

  • тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет