Оқу процесін жоспарлауда қандай нормативтік құжаттар қолданылады?
Білім беру бағдарламасы, стандарты дегенімңз не?
Оқу прцесін жоспарлауда мұғалім ең алдымен қандай міндеттерді жүзеге асыруы керек?
Әдебиеттер: 1. Ахметова Г.К.; Исаева З.А. Педагогика: учебник для магистратуры
университетов. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 328 с.
2. Бурлакова – Топорокова М.В., Столяренко Л.Д. Пелагогика и
психология высшей школы. – Ростов н/Д.: Феникс, 2002.
3. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. – Минск: Вышэйщая школа,
2005.
4. Алиетов Н.Ш., Арымбаева К.М. Педагогика: ғылыми-педагогикалық
бағытындағы мамандықтар магистранттары үшін оқу құралы.- Шымкент,
2014.
5. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы. – Шымкент, 2003
№ 9. Дәріс.Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері (мақсатқа лайықтылық, шығармашылық,үйлесімділік)
Мақсаты:Педагогика саласын қарастыру, болашақ мамандардың бойында педагогикалық техникаларды игерту.
Тірек ұғымдар: мақсатқа лайықтылық, шығармашылық,үйлесімділік
Жоспары: Педагогика саласындағы негізгі технологиялар.
Педагогиканың негізгі өлшемдері.
Ғалымдардың теориялары.
Дәріс мазмұны: Педагогикалық техника негіздерін білу- қарым-қатынас жасау тнхнологиясын игерудің қажетті шарты. А. С. Макаренко: «Мен тек «бері кел» деген сөздерді 15-20 түрлі реңмен айта білгенде, бет әлпетімнің, тұрған тұрысымның, дауысымның 20 түрлі қылып өзгертуді үйренген кезде ғана өзімді нағыз шебер деп есептей бастадым. Бірақ, маған біреу осыдан кейін келмесе де және не керек екенін сезбесе де мен қорыққан жоқпын»,- деп жазған болатын. А. С. Макаренконың айтқан бұл ойынан педагогикалық техниканың білі, дағдыларының қатарында ең маңызды тәрбиелеу құралдарының бірі мұғалімнің сөз сөйлеу шеберлігінің дамуы екенін байқаймыз.