Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар Тәрбие әдісі және тәсілі туралы түсінік.
Тәрбие әдістері, оларды жіктеу.
Тұлға санасын қалыптастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.
Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.
Мінез-құлықты ынталандыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.
Әдебиеттер:
1. Ахметова Г.К.; Исаева З.А. Педагогика: учебник для магистратуры
университетов. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 328 с.
2. Бурлакова – Топорокова М.В., Столяренко Л.Д. Пелагогика и
психология высшей школы. – Ростов н/Д.: Феникс, 2002.
3. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. – Минск: Вышэйщая школа,
2005.
4. Алиетов Н.Ш., Арымбаева К.М. Педагогика: ғылыми-педагогикалық
бағытындағы мамандықтар магистранттары үшін оқу құралы.- Шымкент,
2014.
5. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы. – Шымкент, 2003
№ 10. Дәріс. Жоғарғы оқу орыңдағы дәріс түрлері Мақсаты: дәріс ұғымы туралы түснік беру, формаларын анықтау.
Тірек ұғымдар: дәріс, сөйлем, оқытушы.
Жоспары: Дәріс дегеніміз не?
Дәрістің түрлері.
Дәрістің формалары.
Дәріс мазмұны: Дәрісті даярлау мен оны оқу оқытушыдан терең білім мен сабаққа әзірленуге деген шығармашылық күшті, эмоциялық, ақыл-ой, тіпті дене бітімі жағынан мықтылықты, педагогикалық шеберліктің жоғары қырларын талап етеді. Егер оқытушыға эмоционалдық икемділік тән болып диалогтік үлгіде жұмыс істей алатын болса өте жақсы. Оқытушының осындай коммуникативті іс-әрекеті студенттер іс-әрекетін ұйымдастыруға, олардың мінез-құлқына, белсенділіктерінің артуына оңды ықпал етеді. Тұтасымен алғанда дәрістік сабақтар студенттер алдына ең алдымен болашақ кәсіптік іс-әрекеттерінің теориялық кіріспесіне жол салып, содан кейін практикалық жағынан қолдануға үйретуді мақсат етеді. Дәрісті дайындау мен өткізудің әдістемелік аспектілеріне тоқталайық. Дәріс құрылымы оның мақсатымен анықталады.