3.Курстың саясаты: Магистрантарға қойылатын талаптар: Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан магистрант барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқият, толық жағдайда жауап берген уакытта алады.
Сабаққа қатысуы:магистрант сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.
Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып (дауысын дыбыссыз режимге) қоюы керек.
Үй тапсырмасы: берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды.
Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Магистрант оны орындаған кезде балл есептелінеді. Қате жазған болса, магистрантқа қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды бағаға әсер етеді.
Бақылау жұмысы (жиынтық бағалау)Сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.