Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


Ыбырай Алтынсарин. "Әке мен бала" (әңгіме)



бет50/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   93
Ыбырай Алтынсарин. "Әке мен бала" (әңгіме)
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Бала әкесіне:
Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды.

Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

  • Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.



2-деңгей тапсырмасы


1-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді оқы. Оқиғаларды ретімен орналастыр.



Данышпанның сыны




Сараңның ақыл сұрап келуі




Айнаның сыры




Алақан жайған тіленші






2-тапсырма. Данышпан сараңға қандай ақыл айтуы мүмкін?
Екі оқырманның пікірімен келісесің бе? Ойыңды дәлелде.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет