Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет46/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   93
1-мәтін
10-көрініс.
Кене.
Мені қара қайрат алған жоқ. Кескілесіп қарсыласқан жауым да емес... Сырттың күші жығатын болса, әлдеқашан жықпас па еді? Бәрі де ала алған жоқ. Мені іштегі дерт жығып отыр... Менің жауым... мұршам жетпеген жалғыз жауым — ел аузының алалығы. Менің күйігім де, ажалым да содан... Өңшең азғын арам бездер! Солар ала қылды, солар адастырды елді де... Менің күйігім де, ажалым да солардан... Бірақ, мені жыққан сол жауыздар жұртты қоса жыққанын ұға ма екен? Ойлар ма екен? Алатаудың бауырында Кенесары жығылса, сыналатын өткелде қазақ елі бірге жығылды. Түсінер ме соны? Өкінер ме?
2-мәтін
М.Әуезов феноменіндегі тарихи тұлға мәселесі
Басты кейіпкердің авторлық тұжырымдамасында пьесаның соңғы сахнасының орны ерекше. «Кенесары өлімі» мақаласында ұлы қолбасшының ажалы туралы мынадай ақпарат беріледі: ұсталған К.Қасымұлын манап Орманға тапсырады. Бір аптадан кейін кеңес үкіміне сәйкес тұтқын Ходжамбек Ташмағанбетовтың билігіне беріледі, оның екі бауыры Кенесарымен ұрыста қаза тапқан болатын. Ташмағанбетов бауырларының кегін алып, Кенесарыны азаптап өлтіреді. Кенесары өмірі осылай аяқталды. Әрине, автор кейіпкерінің ажалы туралы шындықты білген болатын. Алайда ол дәстүрлі кейіпкер өлімімен аяқталатын трагедия жанрының заңын бұзып, осы әрекеті арқылы өз ұстанымын білдірді. Пьеса Кенесарыны қырғыздардың тұтқынға алуымен аяқталады. Өз жеңілісін түсінген хан көрерменді өр мінезімен, қайыспас қайратымен таң қалдырады. Сұлтанның ақыры тарих тұрғысынан шынайы көрінеді.
Даутова Сәуле Батталқызы
Көз жүгіртіп оқу


Тапсырма. Дәрумен сөзімен және етістіктермен тіркесетін сөздерді белгіле. Мәтіннің тақырыбын анықта.
А. Дәрумендердің пайдасы
B. Дәрумендердің түрлері
C. D дәруменінің жетіспеушілігі
D. Дәрумендердің тапшылығы
АҚШ профессоры Майкл Холика ағзадағы D дәрумені жетіспеушілігінің негізгі белгілерін атады.
Ғалымның айтуынша, дәрумен жетіспеушілігі қол-аяқтың ауырсынуынан, сондай-ақ таңертең буындардың сырқырауынан білінеді. Сонымен бірге, салмақтың жоғарылауы, ішек ауруы, депрессия және тершеңдік секілді белгілер болады.
Майкл Холика дәрумен тапшылығы әсіресе қыста байқалатынын айтады.
Профессор D дәрумені жетіспеушілігінің алдын алу үшін дәл қазіргі мезгілде, күндіз кем дегенде 10-15 минут таза ауада жүруге кеңес береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет