2-топ
1-қадам. Берілген оқу мақсатына сай көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтаңыз мен даралаңыз.
2-қадам: Оқу мақсатына сай оқушыларға тапсырма әзірлеңіз. Осы тапсырманы басқаша ұсыну жолын көрсетіңіз.
Оқу мақсаты: 10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;
А.Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
Тапсырманы орындау уақыты: 15 минут.
3-топ
1-қадам: Берілген оқу мақсатына сай «Жазушы тілінің сөздігі» кестесін толтырыңыз.
2-қадам: Оқу мақсатына сай оқушыларға тапсырма әзірлеңіз. Осы тапсырманы басқаша ұсыну жолын көрсетіңіз.
8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;
Б. Момышұлы "Ұшқан ұя» повесі
«Жазушы тілінің сөздігі» кестесі
Көркемдегіш құралдардың қолданысы
|
Мысалдары
|
Психологиялық параллелизм
|
|
Перифраз
|
|
Сатира
|
|
Ирония
|
|
Гротеск
|
|
Эллипсис
|
|
Автор стилін анықтау
|
|
Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да – бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді. Ол-ол ма, анау асқар таулар, етектегі еңісті шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау - бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап әлдилейтін сияқты еді. Дүние сенің сәби кезіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны - күмбез, желі - жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, кәне. Тек оқта-текте ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұлт сонда үн-түнсіз шаруақор менің әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларына ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса - жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмеймін, әлдекімге жаным ашып, жаңбыр жауса жылағым келер. Биелер шұрқырап, құлындар құтырып, ауылды айнала шауып еріксіз елеңдетеді. Ала-құйын айдалаға сен де жүгіре жөнелгің келеді. Енді бірде аспанға аң-таң боп қарап қаласың. Буда-буда бұлттар жалы желбіреп шауып бара жатқан асау айғырлар сияқты. Кейде шөгіп жатқан түйелер сияқты. Кішкентай қолдарыңды созып, сол керемет дүниеге ұшып барып, әлгі қанатты тұлпардың жалынан сипалағың келеді. Баланың бақытты шағы сол кереметке сенгенінде шығар. Кейін есейе келе әлгі бұлттың су екенін, күннің қызуымен бу болып ұшатынын білу қандай қатал.
Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын. Ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі тұр құлағымда. Бөстекке отырып алып, басымды бауырына қысып, кәрі алқанымен арқамнан томп-томп қағып қойып:
Балам менің қайда екен?
Қыздарменен тауда екен.
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан кәнеки?
Жаңа теріп жүр екен.
Қызыл алма қолында
Қыз-бозбала соңында, - деуші еді-ау. Кейде қиястықпен қыңқылдап мазасын ала берсем, алдына алып отырып: Жылама бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Жілігінің майы жоқ Жіпке тағып берейін. Көк сиырдың сүтінен Көже жасап берейін. Оның тұзын кім татар Жыламайтын ұл татар, - деп мәпелейтін еді. Сол кезде әдемі әнге елтіп жатып балбырап ұйықтап кетер едім.
3-сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |