Берілген мәтінге қарапайым жоспар құрыңыз.
Жоспар құрудың қадамдық нұсқаулығын ұсыныңыз. Орындау уақыты: 15 минут
Компьютер: пайдасы мен зияны
Қазір барлық үйде компьютер бар. Компьютер өміріміздің бөлінбес құрамына айналды. Компьютер туралы адамдар арасында әртүрлі пікірлер қалыптасты. Бірі оның пайдасы көп десе, бірі оның зияны көп дейді. Шынымен де, оның қандай пайдасы және зияны бар?
Компьютердің басты артықшылығы деп адамның уақытын үнемдеуін айтуға болады. Компьютерде жұмыс істеу арқылы, ақпаратты компьютердің көмегімен интернетте жіберу арқылы адамдар уақыттарын үнемдейді. Әйтпесе, бір ақпаратты екінші орынға жеткізу үшін қанша уақыт кетер еді. Сонымен қатар компьютер арқылы жаңа ақпараттарды біліп отыруға, білімді дамытуға болады. Ерте жастан-ақ балалар компьютерді меңгеру арқылы білімдерін жетілдіріп, жаңа дағды түрлерін үйренеді. Олар сурет салуды, музыкалық аспаптарда ойнауды арнайы курстар арқылы компьютерде меңгере алады.
Алайда, осындай тиімді жақтарымен қатар, компьютердің зиянды жақтары да бар. Компьютердің пайда болуымен адамдар жұмыссыз қала бастады. Өйткені компьютер көптеген жұмыс орындарында адамның орнын ауыстырғандықтан, жұмыссыздар саны көбейді. Сонымен қатар компьютер адамның денсаулығына да зиянын тигізе бастады. Қозғалыссыз ұзақ уақыт отыру бас, көз ауруын, қан айналымымен байланысты ауру түрлерін туғызуы мүмкін.
Бұл қиындықтардан шығудың бірнеше жолдары бар: 1) компьютерді қолданудан бас тарту; 2)компьютер қолдану мәдениетін дамыту; 3)адамның қызметін көп керек ететін қызметтің жаңа түрлерін ойлап табу. Аталған шешім жолдары ішінде қолдану мәдениетін дамыту маңызды деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, компьютердің пайдалы жақтары мен зиянды жақтарының барын әр уақытта ұмытпау керек. Бір нәрсені есте сақтау керек: компьютер адамның өмірін жеңілдетуге қызмет етуі керек.
1.Берілген мәтінге күрделі жоспар құрыңыз.
2.Жоспар құрудың қадамдық нұсқаулығын ұсыныңыз. Орындау уақыты: 15 минут
Достарыңызбен бөлісу: |