Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


Брайль қарпі — көру қабілеті төмен адамдарға арналған әліпби



бет80/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93
Брайль қарпі — көру қабілеті төмен адамдарға арналған әліпби
Брайль қарпі – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жазу жүйесі. Бұл әліпби көзі көрмейтін адамдарға жазу мен оқуға мүмкіндік береді. Мысалы: сүйікті жазушыларын оқып, «Брайль дисплейі» арқылы ғаламторды қолдану.
Брайль қарпін 1824 жылы 15 жастағы француз жасөспірімі Луи Брайль ойлап тапқан. Луи бала кезінде әкесінің шеберханасында пышақпен көзін жарақаттап алған. Асқынудың әсерінен ол кейін мүлде көрмей қалады. 1819 жылы оны соқырлар мектебіне қабылдайды. Мұнда Валентин Гаюидің рельефтік-сызықтар негізінде жасалған қарпімен оқытатын. Барлық кітаптарды оқып көрген соң Луи қаріптің кемшілігі бар екенін түсінеді. Әр әріпті түсіну үшін оған бірнеше секунд қажет болатын.
​ «Түнгі қаріпті» сол уақытта әскерилер түнде ақпарат алмасу үшін қолданатын еді. Луи Брайль өзінің қарпін ұзақ уақыт жетілдірді. Нәтижесінде 1837 жылы оны жаңартылған нұсқада таныстырды. Осы уақыттан бері қаріптің латын әліпбиіндегі нұсқасы әлі күнге дейін өзгермеген.
Көру қабілеті нашар жандар үшін бұл қаріп тек байланыс құралы ғана емес, тілдік сауатты дамытудың бір жолы болып табылады. Қаріпті тифлопедагогтың көмегімен не өз бетімен де үйренуге болады. Символдар мен қаріпті есте сақтаудың жүйелері өте көп. Мысалы, бір затпен байланыстыра отырып жаттау.
Қаріпті есте сақтаудың тағы бір әдісі – тактильді әріптерді қолдану. Ол паластикалық әріптер түрінде жасалған. Әр әріптің ортасында Брайль қарпі бейнеленеді. Мұндай жинақтың арқасында бала әріптің сұлбасын сезініп, бірден жаттай алады.
Луи Брайль әріптерді бейнелеу үшін екі қатарда орналасқан 6 нүктені қолданған. Кейінірек тағы 2 нүкте қосқан. Нүктелерді сезу үшін олар шығыңқырап тұруы керек.
Брайльдің дәстүрлі қарпін (6 нүктелі) қолдана отырып 64 символды бейнелеуге болады. Ал жаңартылған нұсқамен (8 нүктелі) 256 символды жаза аласыз.



  1. Берілген мәтінге тезистік жоспар құрыңыз.

  2. Жоспар құрудың қадамдық нұсқаулығын ұсыныңыз. Орындау уақыты:15 минут

Досым Балнұрдың отбасы шағын. Оның отбасында төрт адам бар. Олар: жолдасы, ұлы, қызы және өзі. Жолдасы Ермек – сәулетші. Өзі қаржылық бақылау басқармасының бас маманы болып жұмыс істейді. Ұлы Әлішер – бастауыш сынып оқушысы. Ол сабағын жақсы оқиды. Әлішер мектепке өзі барады. Қызы Нағима балабақшаға барады. Олар Алматы қаласында тұрады. Балнұр мен Ермек мемлекеттік қызметші болғандықтан, жақында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алды.


Балнұрдың отбасы өте тату тұрады. Өйткені жақын туыс адамдар сыйлас болады. Жолдасы мен өзінің жалақылары жақсы, жалақыларын уақытылы алады. Олар отбасында күнделікті шығын мен жылдық шығынды үнемі есептеп отырады. Алматы қаласында пәтерақы төлемі қымбат. Балнұр мен Ермек ақшаны есеппен жаратып, тиімді жұмсайды.
Ермектің ата-анасы Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданында тұрады. Атасы мен әжесі үнемі қаладағы немерелерін сағынып жүреді. Немерелері де ата-әжелерін қатты сағынады. Атасы мен әжесі Алматыға келген сайын немерелеріне бағалы сыйлықтар ала келеді.
Ермек пен Балнұр балаларын үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. Ұлы Әлішер қарындасы Нағимаға үнемі қамқорлық жасап жүреді.
Балнұрдың отбасы өте қонақжай. Олар өткен сенбі күні қоныстой жасады. Тойға бүкіл туған-туыстары мен дос-жарандары, әріптестері келді. Үй иелері келген қонақтарды төрге шығарып, сый-құрмет көрсетті. Балнұр ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды. Ол дастарқанға шаймен бірге жылы-жұмсақ, тәтті дүниелер – қызыл күрең бауырсақ, анасы ауылдан алып келген ақ ірімшік, құрт, тіл үйірер балқаймақ, қазы-қарта, жал-жая, тәтті жент, жеміс-жидектер, тіпті буы бұрқыраған қуырдақ та қоса әкелді. Халқымыздың айран, шалап, қымыз, шұбат секілді дәстүрлі сусындары да қойылды. Дастарқан басында Балнұрдың әкесі бата берді. Өйткені қазақта асқа үлкен кісі бата қайырады. Дастарқанға ас қайыру – үлкен ізеттіліктің белгісі.
Балнұрдың отбасы – үлгілі, қонақжай отбасыларының бірі.

2-сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет