Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет49/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Көз жүгіртіп оқу


Тапсырма. Мәтінді қарама-қарсы бағытта және оңнан солға қарай оқығанда қандай кейіпкерлердің сипаттамасы берілгенін көрсетіңіз.
А) ит пен аттың
В) кемпір мен баланың
С) бала мен иттің
D) кемпір мен иттің
Е) ат пен баланың

Бір жесір кемпірдің жұрт аузына іліккен жалғыз баласы болыпты. Ол кездегі жақсының әдеті — жүйрік мініп, ит жүгіртіп, құс салатын. Кемпірдің баласының да бір жүйрік аты, ұшар деген құмай тазысы бар екен. Әсіресе ұшары қара жерден із кесетін аңсақ, иесіне адал қағылез, қанжығаның қанын құрғатпайтын жолды ит болса керек. Астындағы аты, соңындағы тазысы келіскен соң, жігіт жиі-жиі аңға шығып, саятшылық құрады екен.


Күндердің бір күнінде жалғыз жігіт тосын дертке шалдығып, дүние салады. Ел аза тұтып, арулап қояды. Сонан соң бұрынғы-соңғының дәстүрі бойынша, өлік шыққан жұртты ауыстырып, ауыл қонысын өзгертіп, жаңа жұртқа аунап қонады.
Жаңа жұртқа келген соң, жесір кемпір «жалғызымның көзі ғой» деп, тазыны іздесе жоқ дейді. Содан көңілі алаң болып, тынши алмай ескі жұртқа келсе, ұшар жас қабірдің басында иесін қимай ұлып отыр дейді. Үшкір тұмсығын көкке қаратып ұлып, иесін жоқтап сарнаған ұшардың дауысын естігенде жесір кемпір:
Жалғызымнан айырылдым,
Қанатымнан қайрылдым!
Ұшар, Ұшар, кә-кә! —
деп дауыс қойып, аңырап қоя береді. Ескі жұртта жалғызынан айырылған сорлы ана мен иесінен айрылған жетім тазы қосыла күңіренеді.
Қорқыттың осы оқиғаға байланысты тебіреніп шығарған күйі «Ұшардың ұлуы» деп аталған екен.


1-деңгей тапсырмалары


1-тапсырма. Мәтіннен суреттерді алып тастаған жағдайда, қандай мәліметтер айтылмай қалады? Ол мәліметтердің әңгіме мазмұны үшін маңызы қандай?
2-тапсырма. Берілген тұжырымға қатысты өз көзқарасыңды білдіріп, ойыңды дамытып жаз.
Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет