5-деңгей тапсырмасы Факті ме, көзқарас па? «Соңғы жылдардың қорытындысы бойынша тіркелген аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 3 есеге өсті»деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат
Бұл – көзқарас, себебі аймақтардағы ғана қылмыс саны көрсетілген. Нәтиженің өзгеру үрдісін көрсету үшін бірнеше жылдың көрсеткіші қажет.
6-деңгей тапсырмасы Tickets.kz сайтынан онлайн билет сату парақшасы берілген. Мұқият қарап, билет сатып алу мәселесін қарастыр.
1-билет
2-билет
1-тапсырма. Аян жолға екі чемодан алып шықпақшы, бірақ осы бағыттағы әуе билетінің біреуінде жолжүктің салмағы 25 кг-мен шектелсе, екіншісінде бір чемоданға ғана рұқсат берілген. Аян екі билеттің қайсысын таңдауы мүмкін.
А) 1-билет Ә) 2-билет
2-тапсырма.Ол Ыстамбұлға не мақсатпен бармақшы? Аянның билет таңдаудағы критерийіне назар аударып, болжам жаса.
3-тапсырма. Әуе компаниясы Аянға билет құнын толықтай қайтарып берді. Бұған себеп болуы мүмкін үш факторды жаз.
1)__________ 2)__________ 3)_________
2-сабақ
Тапсырма.
1-қадам. Мәтіндерге салыстырмалы талдау(тақырыптық-идеялық, стилистикалық-композициялық, тілдік-эстетикалық тұрғыдан) жасаңыз.
2-қадам. Мәтіндерге талдау жасау тапсырмасын жекелеген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін бейімдеп ұсыныңыз.
Бөлім:Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма
Тақырыбы: Ұлттық мәдениеттің жаһандану үрдісі
Оқу мақсаты: 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.