Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


Бөлім: Сүйіспеншілік пен достық. Морфология Оқу мақсаты



бет76/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   93
Бөлім: Сүйіспеншілік пен достық. Морфология
Оқу мақсаты: 7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.


І Ерте заманда әлем халықтары адамдары бір-бірімен дос болуы үшін, достыққа алуан түрлі талаптар қойып, келісімшарттар ойлап тапқан. Мысалы, Аустралия аборигендері өздерінен үш мәрте бір затты сатып алған адам ды ғана дос санап, сыйласады екен. Сақтар, яғни, біздің ата-бабаларымыз дос болу үшін, саусақтарынан қылышпен қан шығарып, бір ыдысқа біріктіріп, ант берген. Бұндай рәсімнен соң достықты ешкім де, еш нәрсе де айыра алмайды деп сенген. Үндістерде еркек пен әйел бір-бірімен дос болғанда, достық шартын дүйім жұрттың алдында үш рет қайталап, ант қабылдаған. Жынысына мән берілмеген. Егер де дос болу антынан кейін, сол жігіт пен әйел отбасын құрса, ел «қан араласты» деп қарсылық білдірген. Кавказдықтарда дос болудың мынадай үш шарты болған екен: үлкендердің алдын да ант қабылдау; біраз жылдан кейін достықтары берік болуы үшін алтын жүзік салынған ыдысқа сүт құйып ішу; тағы бірер жылдан кейін саусақтан қан шығарып, араластырған. Кейіннен бас киімдерін де алмастырып киетін болған.
ІІ Достық сезімнің нәзік жіп тәрізді үзіліп кетпеуі үшін, айналаңдағы достарыңды жөнімен таңдай біл. Имам Жафар-Садық мынадай бес адамды дос көруге болмайтынын айтып кеткен:

  1. өтірікшімен дос болма, оның әрбір ісіне әрдайым сақ бол, себебі сені күтпеген жерде алдауы мүмкін;

  2. ақымақпен достаспа, саған жақсылық жасағысы келсе де, мәселенің байыбына бармастан, жамандық жасап қоюы мүмкін;

  3. сараңмен дос болма, сын сағатта дүние үшін сені тастап кетуі мүмкін;

  4. қорқақпен достаспа, басыңа алмағайып күн туса, қашып кетуі мүмкін;

  5. пасықпен достасушы болма, болмашы нәрсеге бола, сені жарға итеруі мүмкін.

Ата-бабаларымыз: «Ақылды дұшпаннан қорықпа, ақымақ достан қорық», «Досың өзіңнен жақсырақ болсын», – деген. Надан адаммен дос болу ешқашан жақсылыққа апармайды, жолыңды оңғармайды, мінез-құлықты бұзады. Ал дұрыс дос таңдай білу жөнінде ислам ғалымдары мынадай ақыл-кеңес айтады:
1) досың ақылды болсын;
2) досың адал әрі аңғарымды болсын;
3) досың көркем мінезді болсын;
4) досың ақпейіл әрі насихат беруші болсын;
5) досың сырыңды және кемшілігіңді жасырушы болсын.
(http://kazbilim-edu.kz/main/print)


Тапсырма. 1-қадам. Мәтінге тезистік жоспар құрыңыз;
2-қадам. Оқушыларға мәтінге тезистік жоспар құру тапсырмасын әзірлеңіз;
3-қадам. Жоспар құрудың қадамдық нұсқаулығын ұсыныңыз.
Тапсырманы орындау уақыты: 10 минут. Топта ой бөлісу уақыты: 2 минут. Кері байланыс: 2 минут


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет