1-шығарма
|
Ортақтығы
|
2-шығарма
|
Мазмұны
|
|
|
|
Материалдық құндылығын салыстыру, жаңашылдығына баға беру
|
Жоғары, себебі...
Орташа, себебі...
Төмен, себебі...
|
|
Жоғары, себебі...
Орташа, себебі...
Төмен, себебі...
|
Рухани құндылығын салыстыру, жаңашылдығына баға беру
|
Жоғары, себебі...
Орташа, себебі...
Төмен, себебі...
|
|
Жоғары, себебі...
Орташа, себебі...
Төмен, себебі...
|
М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы (үзінді)
Жамал – сағынып кѳрген баланың алды болғансоң, ата-анасы қолдан келгенше әлпештеп ѳсіріп, жасы тоғызға жетті. Жамалды еркек балаша киіндіріп жүрген соң, білмеген кісі қыз деп ойламаушы еді. Қыз деп айтқан адамдарға ашуланып та қалған күндері болды. Бір күні Сәрсенбайдын үйіне ескі жолмен оқыған, дүниеде білмеген нәрселерім жоқ деп дұға қылушы бір шала надан молда келіп қонды. Молда тысқа шықпақшы болғанда,Сәрсенбай:
- Жамалжан, тұр,молданың кебісін сал, құман алып шық, - деп жұмсағаннан кейін молда тыстан келіп отырып:
- Бай, осы сіздің мырзаңыздың есімі қалай? Қыздың атын қойғансыз ба?- деді (Жамалды ербала деп отыр екен). Сәрсенбай азырақ тоқтап тұрды да, күлімсіреп: «Тақсыр, мұның мәнісі бар, біз бастан кем кісі. Айымыз да, күніміз де осы Жамал болған соң, ѳзімізді-ѳзіміз алдап жүрміз» - деді. Молда бұл сѳзге түсініп, біраз ойланып отырды да:
- Сәрсеке! Кѳңілге солай екені дұрыс та ғой, ләкиінде шариғатта балаға тұлым қою дұрыс емес. Жәнеде бай қызы тоғыз жаста балиға болады. Соның үшін намаз үйретіп, оқытып, шашында қойыңыз. Сіздің мұныңыз Алла тағаланың бұйрығына кѳнбеген секілді болады. Олай болғанда, зор күнә табасыз. Бірақ оқытқанда хат жазып кетерліктей де оқытпаңыз, хұсуса жәдид молдалардан оқытпаңыз, не үшін десеңіз, олар әуелі дін, иман білгізіп, намаз оқытпай, «Иман шарт», «бәдуәм»,«әптиек», «әйжіктерді» былай қойып, орыстарша а. б. т, деп орыстың ісін қуаттап, балаңды бұзады,- деді. Сәрсенбай ѳзі надан, «молданың ѳкшесі қисық деген кісі де күнәлі болады» деп жүрген кісілердің бірі болғандықтан, тек молда есімін кѳтерген кісі болып, біліп-білмей айтса да, мынау шариғат деген сѳзге кѳз жұмып нанушы еді. Сол себепті алла тағаланың әмірі ғой, бұл молданың шариғаты да дұрыс екен деп, Жамалды қызша киіндіріп, шашын жіберіп, оқытуға да разы болды. Анасы ѳзі азырақ та болса оқып, ғылым қадірін білген соң, бұл сѳзге қарсы тұрмады. Сәрсенбайдың үлкен қатыны Жамалды жан-тәнімен жақсы кѳргенсіп (тоқалдан туған қызды іші жек кѳріп тұрса да):
- Ойбай молдеке,ол не дегеніңіз. Жамал қарағым тым болмаса он беске келсін, сонда шаш қоярмыз,- деп ѳршеленген болды. Мұнан кейін кешікпей қызша киіндіріп, шашын ѳсіріп, бұрынғыдай ер бала деп кѳңілдерін жұбатқанды қойды. Манағы молданың насихаты есінде жүріп, бір күні Сәрсенбай қатындарымен ақылдасты:
- Ахметжанның молдасынан оқытуға екі шақырым жерге Жамал барып-келіп жүре алмайды. Онан да бір жастау молда жалдап алсақ қайтеді? Жамалдың себебімен ауылдың балалары да оқыр, ѳзіміз малдың зекетін берерміз, ақысын ауылмен бірдей кѳрерміз, - деді. Бұған қатындары да һәм солай деп айтқан соң, ауылы да разы болды. Бір-екі айдан соқ жазғытұрым уақыт еді, бір күні ауылға бір шәкірт келіпті, молдалыққа тұрады екен дегенді естіп, Сәрсенбай соған сѳйлесуге келді. Уфа медреселерінің бірінен оқыған шәкірт екен. Қазақ ішінде қымыз ішіп, күзгі тәхсилге қаражат жинап алу үшін мұғалімдікке шыққан Ғазиз есімді ноғай жігіт, жасы жиырма екілерде - ашық пікірлі, үсүл тағлымынан жақсы ғана хабары бар еді. Екі жылдай қазақ ішіне шығып, қазақтың сырын білгендіктен және де Сәрсенбайдың пікірін аңғарып сѳйлескен уақытында ѳзін шіп-шикі ескі жолмен оқыған хадимі етіп кѳрсетті. Себебі ол: «Аз уақытта мен бұларды түзей алмаспын, онан да бұларға хилаф келмей, ѳйтіп-бүйтіп қаражат жинап алайын», -деп ойлады. Сәрсенбай шәкіртке айтты:
- Ѳзіміз бір ауылда жеті-сегіз үйміз, бес айға жиырма бес сом ақша береміз. Сѳзді ашып айтқан жақсы, мен ѳз басым малымның кірін беремін, басқалар ѳзі біледі, ал кемпір-мемпір құлап қалса, ѳз талайыңнан, - деп күлді. Сол үйде осы ауылдың ѳз молдасы да отыр еді, соған қалжыңдап анау жерде отырған бір жігіт сѳйледі:
- Біздің Қасен молдадай қанды қақпан болса, бұл молда да теріс болмас. Біздің молда Торқа бәйбіше мен Жаппардың баласы ѳлгеннен бері дәндеп, күнде бір келе жатқан кісі болса, намазға шақыра жүр ме деп, қарап тұратын болды, - деп үйде отырғандарды ду күлдірді. Біраз сѳйлескеннен кейін Сәрсенбай шәкіртпен келісіп үйіне алып қайтты.
Достарыңызбен бөлісу: |