Білім беру бағдарламасы (коды, атауы) M01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Курс Академиялық кезең -1



бет2/15
Дата21.04.2023
өлшемі120,95 Kb.
#85166
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Офис-сағаттар (оқытушының бекітілген жеке кестесі бойынша)

Қызылорда, 2022 жыл


Силлабус Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі кафедрасының мәжілісінде қаралды.


Хаттама № __ «__»___________ 2022 ж.


Кафедра меңгерушісі__________________ Б.Ж. Бекжанова

Силлабус гуманитарлық-педагогикалық бағыт бойынша Академиялық кеңестің мәжілісінде қаралып, бекітілді.


Хаттама № 25. 05. 2022 ж.


Академиялық кеңестің төрағасы ____________________ Ж.М. Майгельдиева



Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: қазіргі заманғы педагогика ғылымының негізгі мәселелерін және бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы гуманитарлық білімнің қазіргі заманғы жетістіктерін ескере отырып, шешілуге тиісті жаңа теориялық және тәжірибелік міндеттерді оқып үйрену.

Міндеттері:

    • магистранттарға білім саласының қазіргі жағдайы, даму беталыстары жайлы білімдер жинақтауға көмектесу;

    • магистранттарда бастауыш білім бойынша қолданбалы педагогикалық зерттеулердің әлеуметтік-мәдени құбылыстары мен үдерістерін ғылыми негіздеу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: білім алушылар қазіргі заманғы педагогика ғылымының негізгі мәселелерін және бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы гуманитарлық білімнің қазіргі заманғы жетістіктерін зерделеуге құзыретті болуы керек.
Күтілетін нәтижелер: білуі тиіс: ғылым әдіснамасы мен оның негізгі бағыттарын, педагогикалық әрекеттің табиғатын. Дағдыларды меңгеруі тиіс: ғылыми және философиялық мазмұны бар мәтінді қабылдау және талдау; өз бетінше ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық әрекетті жүргізу қабілетін көрсету.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет