Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет39/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Проблемалық мониторинг процестердің заңдылықтарын, қауіптілік дәрежесін, 
проблемалардың типологиясын зерттеуге мүмкіндік береді. Мектептердің аттестаттаудан 
өтпеу себептерін анықтауға және жалпы бақылау, бақылау және аттестаттау арасындағы 
байланыс мәселелерін шешуге бағытталған «Проблемалық мониторинг және аттестаттау» 
осындай мониторингтің мысалы бола алады. Мониторинг барысында келесі мәселелер 
талданады: 
– 
қала мектептеріндегі білім сапасын салыстыру; 
– 
оқу сапасына сыныптардың, ауысымдардың, әртүрлі деңгейлердің толықтығының 
әсерін бағалау және қала мектептерінің негізгі проблемаларын бөліп көрсету; 
– 
қорытындылаушы негізгі көрсеткіштерді таңдау; 
– 
мектептерді аттестаттау үшін алдын-ала көрсеткіштерді есептеу. 
Басқару мониторингі қабылданған басқару шешімдерінің тиімділігін, салдары мен 
қосымша әсерлерін бақылауға және бағалауға бағытталған. 
Кешенді мониторинг. Білім беру нәтижелерін, педагогикалық жағдайларды және 
оқушылардың жүктемесін зерттеуге бағытталған, яғни объектіні кешенді зерттеуге бағытталған 
кешенді мониторинг болып табылады. 
Мониторинг түрлерінің әрқайсысы әр түрлі деңгейде жүзеге асырылуы мүмкін: 
жергілікті (мектепішілік), аудандық, облыстық, республикалық . Мақсаттарда, таңдалған 
параметрлерде, салыстыру масштабында, алынған нәтижелер туралы хабарлау деңгейінде 
және әдістерінде айырмашылық болады.
Мектептегі білім беру сапасы мен оқу процесінің мониторингін құру логикасын 
қарастырайық. Білім беру сапасы мен білім беру процесінің мониторингі ақпараттық, базалық, 
проблемалық және басқарушылық болуы мүмкін. Мұның бәрі мектеп әкімшілігінің осы рәсімге 
қойған мақсат-міндеттеріне байланысты. 
Мектептерге қатысты мониторингтің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 
- білім беру мақсатының ауқымы бойынша (стратегиялық, тактикалық, жедел); 
- оқыту кезеңдері бойынша (кіріс немесе іріктеу, оқу немесе аралық, шығыс немесе 
қорытынды); 
- уақытқа қатысты (ретроспективті, ескертуші немесе озыңқы, ағымдағы); 
- өткізу жиілігі бойынша (бір реттік, мерзімдік, жүйелі); 
- бақылау объектісін қамту бойынша (жергілікті, ішінара, жаппай); 
- ұйымдастыру формалары бойынша (жеке, топтық, фронталды); 
- объект-субъектілік қарым-қатынас формалары бойынша (сыртқы немесе әлеуметтік, 
өзара бақылау, өзін-өзі талдау); 
- қолданылатын құралдар бойынша (стандартталған, стандартталмаған, матрицалық 
және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет