Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет33/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

 
Білім беру мониторингі
 


Білім беру мониторингі білім беру жүйесінің белгілі бір деңгейінде (мемлекеттік, өңірлік, 
жергілікті) болып жатқан процестерге қатысты жүргізіледі, ал педагогикалық мониторинг 
педагогикалық процестің белгілі бір аспектілеріне қатысты қарастырылады. 
Білім беру мониторингі дегеніміз алынған жүйенің нәтижелері ескеріле отырып, оның 
күйін үнемі бақылауды және дамуын болжауды қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің жұмысы 
туралы ақпаратты ұйымдастыру, жинау, сақтау, өңдеу және тарату жүйесі.
 
1-бап.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы. 
12) Білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және 
нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру 
ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін 
жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау. 
 
Білім беру мониторингі білім беру саясатын әзірлеу мен іске асыруды ақпараттық қолдау, 
білім беруді басқару органдарын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы 
туралы өзекті, толық, дұрыс және үнемі жаңартылып отыратын ақпаратпен қамтамасыз ету, білім 
берудің дамуын талдау және болжау үшін қажетті ақпараттық база қалыптастыру мақсатында 
жүргізіледі. 
Білім беру мониторингі ұлттық қауіпсіздік органдарының ведомстволық білім беру 
жүйесінен басқа білім беру жүйесінің сапасын сырттай және іштей бағалау үшін, оның ішінде 
халықаралық индикаторлармен (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), 
ЮНЕСКО) салыстыру үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштері кешені 
негізінде жүзеге асырылады. Бағалау осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген білім беру 
мониторингінің индикаторларына сәйкес жүргізіледі. 
Білім беру мониторингін жүргізу: 
- ресми статистикалық ақпараттардың және уәкілетті органның шешімімен бекітілген 
және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетімен 
келісілген әкімшілік деректердің; 
- білім беру ұйымдарын аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау; педагог және басшы 
кадрлардың біліктілігін арттыру және аттестаттау; білім беру ұйымдарын саралау; техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушыларға біліктілік беру; талдамалық және 
әлеуметтік зерттеулер барысында алынған құжаттар мен материалдардың негізінде ұдайы 
бақылау мен деректер жинақтауды ұйымдастыруды көздейді. 
Білім беру мониторингінің үш деңгейлі сатылы құрылымы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет