Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет67/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Деректерді интерпретациялау – өлшеу нәтижесінде алынған және талдауға жататын 
деректердің сипаты туралы болжамдардың жиынтығы. 
Ақпарат (лат. informatio – түсіндіру, баяндау, хабарландыру) – кейбір мәліметтерді, кез 
келген мәліметтер жиынтығын, білімді және т. б. білдіретін ғылымның жаопы ұғымдарының бірі. 
Зерттеу– нақты теориялық және практикалық мәселелерді шешу үшін зерттелетін объект 
туралы жаңа білімді алуға көмектесетін теориялық және эмпирикалық процедуралардың біртұтас 
жүйесі. 
Білім беру сапасы - білім беру жүйесін сипаттайтын және нақты қол жеткізуге болатын 
білім беру нәтижелерінің, білім беру жүйесінің жұмыс істеу шарттарының нормативтік 
талаптарға, әлеуметтік және тұлғалық межелерге сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер 
жиынтығы. 
Бақылау – басқарылатын объектінің функционалдық процесінің қабылданған басқару 
шешімдеріне сәйкестігін бақылау және тексеру жүйесі, басқарылатын объектіге басқарушылық 
әсер ету нәтижелерін анықтау; басқару функцияларының бірі. 
Білім беру ұйымын бағалау критерийлері - білім беру ұйымын бағалауды анықтау үшін 
қолданылатын, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген 
талаптардың жиынтығы. 
Критерий (гр. Kritērion) - осының негізінде бір нәрсені бағалау, айқындау немесе жіктеу 
жүргізілетін белгі; пайымдау, бағалау өлшемдері. 
Әдіс (гр. methodos –дұрыс жол) – белгілі бір мақсатқа жетудің тәсілі, жоспары; ғылымда 
толық және шындыққа сәйкес келетін нәтижені алу үшін тақырыпты зерттеудің әдісі мен тәртібі. 


Әдістеме – қандай да бір жұмысты мақсатқа сай жүргізу әдістерінің, тәсілдерінің 
жиынтығы. 
Мониторинг (лат. monitor – алдын алу) бағалау, бақылау немесе болжау мақсатында 
объектілердің, құбылыстардың, процестердің жағдайын арнайы ұйымдастыра отырып, жүйелі 
түрде бақылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет