Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет45/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Жаппай сауалнама жүргізу Тәрбие, білім беру, оқыту үдерістері топтық (ұжымдық) сипатқа ие. Оларды зерттеудің ең көп қолданылатын әдістері - белгілі бір жоспар бойынша жүргізілетін осы үдерістерге қатысушылармен жаппай сауалнама жүргізу. Бұл ауызша (сұхбат алу) немесе жазбаша (сауалнама) түрде болуы мүмкін.
Сауалнама жүргізу - бұл сауалнама деп аталатын арнайы құрастырылған сұрақтарды қолдана отырып, материалды жаппай жинау әдісі. Бұл әдіс адам өзіне қойылған сұрақтарға ашық жауап береді деген болжамға негізделген. Сауалнама оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар арасында жылдам жаппай сауалдау ұйымдастыруға және жиналған материалды өңдеуді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мониторингтік зерттеулер барысында сауалнамалардың келесі түрлері қолданылуы мүмкін:

  • ашық - жауаптың өз бетінше құрастырылуын талап етеді;

  • жабық, - оқушылар дайын жауаптардың бірін таңдауы керек.

Мұғалімдер кеңінен қолданатын сауалнамалардың бір түрі - балмен бағалау жасайтын салыстырмалы сауалнама. Оның негізінде өзін-өзі және басқаларды бағалау үшін сауалнама парағы жасалады. Мысалы, тұлғалық қасиеттерді зерттеу кезінде сауалнама парақтарына бес балдық шкаланы енгізеді:



Ұйымдастырылған

5 4 3 2 1

Ұйымдастырылмаған



5 4 3 2 1



Бұл сауалнамаға жауап бергенде келесі қағида бойынша сәйкес баллды белгілейді: 5 - өте ұйымдастырылған; 4 - ұйымдастырылған; 3 - ұйымдастырылмағанға қарағанда жиірек ұйымдастырылған; 2 - ұйымдастырылмаған; 1 - өте ұйымдастырылмаған.


Сауалнаманы басқа зерттеу әдістерімен қатар қолданған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет