Әңгімелесуәдісініңішкі жақтары оқушылардың өз беттерімен жүргізілетін танымдық әрекетінде түрлендіруде бастап щығармашылыққа дейінгі әр түрлі денгейдегі танымдық әрекеттің түрлерінде, ал сыртқы жақтары мұғалімнің түсіндіруі мен тақырыптың мазмұнымен сабақтасатын оқушылардың жауаптарында көрініс табады. Оқушылардың шығармашылық ізденіс әрекеттерін айқындауда семинар сабақтарда өзекті сұрақтар қою арқылы пікір алысу, ойлау, сөйлеу,есте сақтау, әрекетке жауап қайтару жылдамдығы сияқты оқушылардын жеке зияткерлік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін эвримтикалық (күрделі) әңгімелесудің маңызы зор.
Оқытудың практикалық әдісі- мұндағы білімнің негізгі басты көзі - географиялық карталар, профильдер, графиктер,т.б. болып табылады. Оқу үрдісінде географиялық ғылымда арнаулы оқу құралдары пайдаланылады. География сабақтарында модельдерді оқушылар өздері құрастырады, олар жергілікті жердің планын салады, ауа райын бақылау нәтижесін график және диаграммалар түрінде көрсетеді, статистикалық деректер, кескін карталармен жұмыс жасайды. Практикалық әдіс- бұл мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі.
Практикалық әдіс құрамына табиғаттағы құбылыстар мен объектілерді бақылау, өндірістік және өндірістік емес салаларды, карта - схема, профиль, статистикалық көрсеткіштермен жұмыс жасау кіреді.
Практикалық әдіс арқылы оқушылар қоршаған ортаны танып біледі.
Географияны оқытудың көрнекілік әдістерінде – мазмұны мен мағынасына қарай құралдарды ажыратамыз.
Көрнекілік әдістерінде әр түрлі оқу - көрнекілік құралдар түрлері қолданылады. Кей кезде
көрнекілік құралдар түрлері қолданылады. Кей кезде көрнекілік құралдар қызметін өлкетанушылық материалдар мен модельдер орындайды.
Көрнекілік әдістерінің арасында оқу карталарын пайдалану, суретті кестелер, электрондық құралдар, педагогикалық суреттер, карталар және басқа модельдер қолданылады.
Көрнекілік әдістің негізгі қызметі – оқылатын объектілер мен құбылыстарды нақты оқып, теориялық білімді қалыптастыру.
Көрнекілік әдістерді қолдану оқушыларды көрнекілік бейнелік ойлауда, бақылауда, көру қабілетін дамытуда шешуші рөл атқарады. Оқу әдістерін сипатына қарай бірнеше топқа бөледі:
Көрнекі әдістің негізгі қызметі статистикалық немесе динамикалық күйдегі бейнелі оқу материадардың пайдалана отырып жеке географиялық нысандар, үрдістер,құбылыстар мен аумақтар туралы түсініктердің, теориялық білімінің меңгерілу үрдісін қамтамасыз ету. Көрнекілік әдісті қолдануда оөушыларды көрекілік-бейнелі ойлау, байқампаздық, сезіну және көру арқылы есте сақтау дағдылары дамиды. Көрнекілік әдісі ауызша әдіспен тығыз байланысты.