2.География оқулығымен жұмысты ұйымдастыру. География оқулығымен жұмыстанғанда әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Мысла: түсіндіру-иллюстративтік әдіс, яғни оқушы сабақ айтқанда дайын суреттерді қолдана отырып, мәтінді айтып шығуы. Репродуктивті әдіс әртүрлі тапсырмалар орындау барысында қолданылады, мысалы: мәтіннің жоспарын жасау, схемалар құрастыру, оқу материалдары мен мен кестелерді жүйелеу кезінде қолданылады. Жартылай-іздену және зерттеу әдісі қандай да бір мәтінге қатысты заңдылықтарды анықтау барысында талдау жасағанда қолданылады.
Мәтінмен жұмыс істеу тәсілі көбіне пән аралық болады, мысалы: геогарфияны енді оқыитын 5-клас оқушысы мынадай қарапайым тәсілдерді білуі қажет, түсінгенін айта білу, дұрыс жауап беру, ойын дұрыс жеткізе білу, яғни географияны оқыту әдісі осындай қарапайым тәсілдерден басталады. География пәні мәтіндері бірнеше логикалық элементтерден тұрады, сондықтан оқушыларға оқушыларды мәтінмен жұмыстануды үйрету қажет. Мысалы нысандар мен құбылыстардың сипаттамасы, ауа-райы, өсімдік әлемі, қаланың бейнесі, сол секілді дәл фактілер өзеннің ұзындығы, таудың биіктігі, сол қаладағы халықтың нақты саны.
География оқулығымен жұмыстанғандағы маңызды факторлардың бірі мәтінді айтқанда, картамен де дұрыс жұмыс жасай білу.
Эффективті жұмыстанудың тағы бір түрі мәтінмен қоса кесте, суреттер, схемалармен де жүйелі жұмыстану.
Оқулықпен жұмыстанудың жалпы әдістемесі келесі заңдылықтардан тұрады: А) Оқу процесінің барлық этаптарында оқулықты жаңа материалды игеру барысында, тексеруде, білімді нығайтуда және толықтыруда жүйелі қолдану, Б) Оқушыларды оқулықтың барлық элементтерімен мақсатты оқытуға бағыттау, В) Оқулықтың этап бойынша күрделіленуіне бейімдеу, Г) Оқулықты басқа да оқу құраладрымен: карталар, оқуға қатысты суреттермен, аудиовизуальды құралдармен, кластан тыс материалдармен, қазіргі таңда қолданылып жүрген интернативті тақтаның көмегін қолануға тәрбиелеу.
География пәнін оқытуды тек оқулықпен ғана шектеуге болмайды. Оның мазмұны, оқулықта кездеспейтін қосымша құралдарды қолдануды талап етеді. Сондықтан да, география оқулығымен қатар, сабақ барысында хрестоматиялар, жаттығулар мен тапсырмалар жинағы сияқты қосымша географиялық әдебиеттерді қолдану маңызды рөл атқарады.
Географияны меңгеру өмірмен, қазіргі кезбен жүйелі байланысты талап етеді. Осы мақсатта қазіргі кезде оқытушылар көркем, ғылыми – танымдық, әйгілі әдебиеттерді оң нәтижемен қолданып келеді және оқушылардың топтық және өзіндік жұмыстарды орындауда журнал, газеттермен жұмыс істеуін ұйымдастырады.
Географиялық оқулық, оқу кітаптары және қосымша әдебиеттер білімді тереңдетіп және дамытып қана қоймайды, сонымен қатар, оқушының ой - өрісін және тіл байлығын байытады, географияға деген қызығушылық, кітапқа деген сүйіспеншілік және ой еңбегі мәдениетіне тәрбиелейді.