Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет33/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88
Бақылау сұрақтары:

  1. Көрнекіліктің қандай атқаратын қызметтері бар?

  2. Оқыту құралдарын қанша топқа бөлуге болады?

  3. Заттарды шартты белгілермен (белгі, сан, сөз) бейнелеу түсінігі

Әдебиет: Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б, Увалиев Т.О, Асубаев Б.Қ Географияны оқыту әдістемесі. Алматы 2015 жыл 186-189 беттер
12 дәрістің тақырыбы: Географияны негізгі оқыту құралдарымен жұмыс. Географиялық карталармен, глобуспен жұмыс

  1. Географиялық карталардың оқу қызметі.

  2. Географиялық картамен жұмысты ұйымдастыру.

  3. Глобуспен жұмысты ұйымдастыру.

Мақсаты: Географиялық карталармен, глобуспен жұмыс жасау жайлы мәліметтермен танысады
Тірек сөздер: глобус, карта, қабырға карталары, жапсырма карталар, үстел үстілік карталар, демонстрациялық глобус
1. Географиялық карталардың оқу қызметі. Географиялық картаның рөлін Н.Н.Баранский тамаша анықтады: «Карта – географияның екінші тілі», сонымен бірге жинақы да түсінікті. [8] Бұл оқушылар үшін ғылыми білімнің және жан-жақты ақпараттың көзі. География мұғалімі оқушыларға географиялық картаның мазмұнын толық игеруді үйретуі керек.
Әдістемелік әдебиеттерде картамен жұмыс, оны оқу және білу туралы әр түрлі пікірлер айтылады. Бізге ең жақын теориялардың бірі Г.Ю.Грюнберг ілімі.
Картаны түсіну карталар туралы білімнің болуын көрсетеді: географиялық карта дегеніміз не, оның басты белгілері қандай, басқа жер бедерінің суреттерінен қандай айырмашылығы бар. Сонымен бірге, картаны түсіну үшін масштаб және градус торымен жұмыс істей білу керек.
Картаны оқу – іс-әрекетті, құбылысты танып білу, шартты белгілер арқылы нақты дүниені, әлемді тану, картада белгіленген территорияның сапалық және сандық мағлұматтарын сараптау.
Географиялық карталармен жұмыс істеу Жер бетіндегі елдер мен басқада аумақтарды тікелей оқып – үйренуін ауыстыра отырып, оларға тән негізгі белгілердің бейнесін қалпына келтіруге көмектесіп, кеңістіктің бейнесін көз алдына елестету арқылы есте сақтауын дамытады. Картаның мазмұнын талдап оларды бір – бірімен беттестіру ақылы логикалық ой әрекетінің тісілдерін дамытады, құбылыстардың арасыңдағы ір түрлі байланыстарды табады, салыстыруды жүзеге асырады, бірізді себеп – салдарлы байланыстарды анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет