Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет40/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88
Бақылау сұрақтары:

  1. Географияны оқытудың негізгі құралдарымен жұмыстанудың негізгі атқаратын ролі қандай.

  2. Географиялық карталардың негізгі атқаратын қызметі.

  3. Картаны білу дегеніміз не.

  4. Картаны оқу дегеніміз не.

  5. География пәнінде глобустың атқаратын қызметі.

  6. Оқушыларға білім беру барысында оқулықтың атқаратын қызметі.

  7. Глобустар мазмұнына қарай қанша топқа бөлінеді.

Әдебиет: 1. Л.М Панчешникова Методика обучения географий всредней школе. Москва «Просвещение» 1983 г, 112-148 беттер И.В Душина, Е.А Таможняя, В.Б Пятунин Методика и технология обучения географии вшколе. Москва 2004 г
2. «Географияны оқыту әдістемесі» пәнінен дәрістік оқу курсы: Оқу құралы/ Ахметова Э.Б., Баймағанбетова Қ.Т., Баубекова Г.Қ., Омарова К.И. –Қостанай: ҚМПИ, 55 -60 беттер, Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б, Увалиев Т.О, Асубаев Б.Қ Географияны оқыту әдістемесі. Алматы 2015 жыл 201-208 беттер

14 дәрістің тақырыбы: Географияны оқытудың негізгі құралдарымен жұмыс жасау әдістері



  1. Қазіргі заманауи электронды дидактикалық оқыту құралдармен жұмыс істеу әдістері

  2. Қазіргі заманауи интербелсенді оқыту құралдарының географиялық білімді меңгерту мақсатында пайдалану әдістері.

Мақсаты: Қазіргі заманауи электронды дидактикалық оқыту құралдармен жұмыс істеу әдістері
Тірек сөздер: электронды оқулық, дидактикалық оқыту құралдары
1. Қазіргі география сабағын көрнекі құралдарсыз өткізудің мәні болмайды. Сондықтан әр курстың тақырыптарының мазмұнына сай кестелер мен суреттердің, сызба-нұсқалардың, оқу карталарының сериялары шығарылды. Географиялық білім мен іскерлік-дағдыларды қалыптастыруда оқу кестелері мен сызба нұсқаларындағы сандық деректерге сүйеніп белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға мен үрдістердің даму динамикасын, олардың құрамдық ерекшеліктері мен байланыстырып ашып көрсетеді. Сабақтың кез-келген бөлігінде (кезеңінде) әр түрлі әдістер мен мақсатқа қолдануға болады.
Аудиокөрсету құралдарына оқу бейнефильмдері, мультимедиалық тақта, электронды оқулықтардағы динамикалық және статистикалық күйдегі оқыту құралдары жатады. Оларды пайдалану оқушылардың көзімен көру арқылы қажетті оқу материалдарын жақсы меңгеріп табиғаттағы өзара байланыстармен заңдылықтарды ашуға мүмкіндік береді. Техникалық оқыту құралдарын қолдану көзбен көріп бақылау мүнкін болмайтын табиғи үрдістерді көрсетіп түсіндіруге мүнкіндік береді. Өзінің техникалық ерекшеліктеріне қарай экранды құралдарына оқу бейнефильмдері, грофоректорларға арналған транспоранттар жатады. Өзінің әдістемелік сапасы жағынан статикалық құралдар дәстүрлі оқу құралдар дәстүрлі оқу құралдары (кестелер, диаграммалар сызба нұсқалар) жақын болғанымен бейнелеу жағынан артықшылықтар бар. Олар пайдалануға тиімді өз орындалады мектеп тәжірбиесінде кең таралған оқу диопозетивтері ықшамдалған түрлі түсті немесе ақ-қара фотопленкадан жасалады. Біртұтас толық фильмдер белгілі бір тақырыпты қамтитын бір-бірімен байланысқан. Оқушыларға білім беру мақсатында оқу бейнефильмдері мен телехабарларын пайдалану мұғалімнің жұмысының сипатын өзгертіп жаңа мақсаттар қояды.Жүргізуші мұғалімнің бірқатар міндетін өз мойына алады. Ол белгілі бір түсінік береді, бірақ оқушыны көргенімен олардың қабылдауына танымдық қарқындылығына баға бере алмайды.Сондықтан оқушылардың қабылдауына бақылау жасау міндетін мұғалім атқаратын болған соң оқушылардың танымдық қарқынын арттыру үшін телебағдармаларды көрер алдында тапсырмалармерн сұрақтар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет