Жапсырмакарталар оқулықтың ең бірінші немесе соңғы беттерінде қосымша ретінде беріледі. Олардың мазмұны мәтіндік карталармен салыстырғанда біршама күрделі, әрі кең көлемді болуымен ерекшелінеді. Әрбір жапсырма картаның мазмұны аумақты эконамикалық географиялық аудандастыру, жер қыртысының тектоникалық құрылымдары сияқты ауқымды тақырыптарды қамтиды. Эконамикалық және әлеуметтік география курстарында қара және түсті металлугия сияқты шаруашылықтың белгілі бір саласының қамтуы мүмкін.
Жапсырма карталар көбінесе математикалық негіздері, жинақталу дәрежесі, жабдықталуы жағынан ішкі бірліктері бар топтама түзеді. Бұл тұрғыдан олар атластарға ұқсайды.
Мәтіндік картаны пайдалану орны оқулықта айқындалғанымен география пәнінің мұғалімі үшін жапсырма карталарды қандай мәселелерді шешу үшін қолдану біршама күрделі болғандықтан оны тақтырыптық жоспарды құру барысында айқындайды.Олар қандай да бір жеке иәселені шешу үшін география курсын өту барысында әр түрлі құбылыстардың, аудандардың, өндірістің жеке салаларының өзара байланысын анықтау мақсатына кеніне қолданылады.
Мектеп карталарының барлық түрлерінің бірқатар ортақ ерекшеліктері бар. Оралдың тақырыптарын мектеп география курыстарының бардарламасы анықтайды. Географиялық карталарды құру барысында оқушылардың қабылдау ерекшеліктері ескеріледі.
Басқа оқу карталарынан айырмашылығы кескін карталар негізінен белгілі бір географиялық құбылыстарды оқып – үйренуге арналмаған. Оны сыныпта, үйге сарамандық жұмыстар жүргізу барысында картографиялық негіз ретінде, сонымен қатар, бақылау мақсатында қолданады.География оқулықтарында кескін картамен жұмыс істеуге арналған көптеген тапсырмалар берілген. 6-7 – сыныпта оларды географиялық нысандардың орналасуының және атаулардың дұрыс жазылуын есте сақталуын бекіту үшін қолданады. 8-11 – сыныптарда оны пайдалану күрделенеді. Оқушылар олардың негізінде құбылыстардың арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін карта – сызбалар құрылады
Географияны оқытуда глобус, көлденең қима – сызбалар, бедерлі көлемді карталар, блок – диаграммалар сияқты картографиялық өнімдер қолданылады.