Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет38/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

Бақылау сұрақтары:
1.Үстел үстілік карталардың қызметі
2. Жапсырма карталардың қызметі
4. Қабырға карталардың қызметі
5. Проекциялық глобустар қызметі
6. Демонстрациялық үстелде тұратынтглобустың масштабы қанша?
Әдебиет: 1.Л.М Панчешникова Методика обучения географий всредней школе. Москва «Просвещение» 1983 г, 112-148 беттер И.В Душина, Е.А Таможняя, В.Б Пятунин Методика и технология обучения географии вшколе. Москва 2004 г
2. «Географияны оқыту әдістемесі» пәнінен дәрістік оқу курсы: Оқу құралы/ Ахметова Э.Б., Баймағанбетова Қ.Т., Баубекова Г.Қ., Омарова К.И. –Қостанай: ҚМПИ, 45-55 беттер
Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б, Увалиев Т.О, Асубаев Б.Қ Географияны оқыту әдістемесі. Алматы 2015 жыл 193- 201 беттер

  1. апта

13 дәрістің тақырыбы: Географияны негізгі оқыту құралдарымен жұмыс

  1. География оқулығымен жұмыс.География оқулығына сипаттама

  2. География оқулығымен жұмысты ұйымдастыру

Мақсаты: Геограафияны оқытудың негізгі құралдарымен жұмыс түрлеріне анықтама беру.
Тірек сөздер: карта, глобус, оқулық, статистикалық мәлімет.
1.География оқулығымен жұмыс. География оқулығына сипаттама. Қазіргі заманғы география оқулықтары өзінің жоғары дәрежеде жазылғандығымен, мазмұндылығымен ерекшеленетін оқушыны оқытуға арналған оқу құралы. География оқулығы- кешенді оқытуға арналған оқу құралы. Оқулық мазмұнды ғылыми еңбектерден, картографиялық, статистикалық материалдардан, схемалардан, суреттерден, фотографиялардар тұрады. Оқулықпен оқу процесі дұрыс бағытта ұйымдастырылады, егер оқытушы кітаптың оқулықтың ішіндегі барлық мәліметтер таныс және жұмыс жасай алатын болса. Оқулық - белгілі бір бағдарламаға сәйкес, оқыту мақсатын орындауға арналған кітап. Оқулықта барлық материалдар бағдарламаға сәйкес беріледі. Оқулықтың мазмұнын қосымша құралдар толықтырып, оның тақырыптары мен бөлімдерін кеңейтіп, тереңдетеді. Қазіргі даму сатысында білім беруде оқулықтың қызметінің маңызы күрделене түседі.
Оқулықтың қызметі алуан түрлі. Оны мына сызбадан көруге болады:


Оқулықтың барлық қызметтерінің ішінде – ең негізгісіне – ақпараттық және оқытушының қызметінің маңызы үлкен. Қазіргі жаңа оқулықтар оқушының өзіндік оқу қызметін ұйымдастыру құралы болып табылады. Оқулықтың көмегімен оқушы өзі мұғалімге айналады. География оқулығын екі құрылымдық блокқа бөлуге болады: оқулық мәтіні және мәтіннен тыс компонент – дидактикалық, оқытушылық блок. Оқулықтың әрбір компоненті бірнеше элементтен тұрады.


География оқулығының негізгі мәтіні - ұғымдарының анықтамасы, принциптер, теориялар, заңдылықтар, сипаттамалардан тұрады. Негізгі мәтін түсіндірмелі, инструктивті, ақпаратты-суреттемелі болып бөлінеді. Қазіргі география оқулықтарында мазмұны мен суреттеу формасына қарай алуан түрлі болады. Олардың көп бөлігін картографиялық суреттер, тақырыптық және кешенді карталар, картосхемалар, картограммалар, орографиялық схемалар құрайды. Оқушылар карталармен, статистикалық көрсеткіштермен (графиктер, диаграммалар, қосымша кестелер) жұмыс жасай отырып, географиялық зерттеу әдістерімен танысады, ал мұғалім осы жұмыстарды ұйымдастыра отырып, оқу материалын игеруге ұмтылады.
Оқулықтар екі құрылымды блоктан тұрады. Оқу мәтіні және мәтіннен тыс компоненттер. Мәтіндер. Теория, түсінік, бейнелеу, методологиядан тұрады. Теория ғылыми түсініктен, заңдылықтардан, мақсат пен міндеттен, дүние танымдық көзқарастан және т.б тұрады.
Түсінік берілген көптеген терминдер – арнайы қара сөздермен беріледі немесе арнайы шрифтер мен беріледі. Түсінік материалдары географиялық байланыстарды ашуға арналған. Мысалы: жекелеген табиғи компоненттерді өзара ішінде және территориялық-өндірістік комплекстер)
Мәтіннен тыс компоненттер- оқушыларға бақылау жүргізетін бөлімі. Барлық оқулықта оқушыларға түсінікті болу үшін жүздеген сұрақтар және тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар мен сұрақтар оқулықтың әртүрлі жерінде орналасқан, тапсырманы орындау үшін: мәтін, атлас және оқулықтағы карта, графиктер және диаграммалар, статистикалық кестелер, суреттер, фотолар, схема және профильдер қолданылады. Тапсырмалар оқушылардың оқу деңгейіне қарай әртүрлі формада болуы мүмкін: карталар бойынша анықтаңдар, салыстырыңдар, мысалдар келтіріңдер, сипаттама беріңдер, түсіндіріңдер, профиль сызыңдар, дәптерге жазыңдар, контур картаға түсіріңдер, кесте толтырыңдар және т.б.
Иллюстративті матареиалдар әрртүрлі болады, карталар әртүрлі мазмұнда болады сонымен қатар диаграммалар, графиктер, схемалар, кестелер, суреттер, фотографияларкүрделі және жай профилдер, орографиялық схемалар болады. Әрбір география курсында әрбір тақырыбты өткен сайын термин сөздерге түсінік беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет