Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


Жобалық-бағдарланған оқу (Project-Based Learning – PBL)



Pdf көрінісі
бет19/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

Жобалық-бағдарланған оқу (Project-Based Learning – PBL) 
Жобалық-бағдарланған оқыту балаларға алған білімі мен дағдыларын қолдана білуді, 
нақты практикалық мәселелерді шешуді үйретуге бағытталған. Мұндай оқытудың 
артықшылығы: топтық жобаларды орындау барысында оқушылардың белсенді ұстанымы 
(жобада белсенді жұмыс істеу); балаларды өзін-өзі реттеу дағдыларын үйренуі, ұжымдық 
жұмыс дағдыларын дамыту, оқушылардың ынтасына оң әсер ету.
Концептке бағдарланған оқу (Concept-Based Learning – CBL) 
Соңғы бірнеше жылда «үлкен идеялар» маңызды теориялық негіздері бар және іс 
жүзінде жүзеге асырылатын әртүрлі пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын 
қалыптастырудың маңызды тәсілдерінің біріне айналды. Бұл тұжырымдаманы анықтауда 
тұжырымдамалық-бағдарланған оқытудың кеңірек шеңбердегі теориялық әзірлемелеріне 
сүйенеді. CBL-дің негізгі идеясы – фактілер мен тақырыптар тізімдерін игеруден концепт 
ретінде тұжырымдалған жиынтықтарды игеруге бағдарлау. Оқудың бұл түрінде фактілер 
мен тақырыптар әрдайым осындай концептілермен берілген кеңірек мәнмәтінде жазылады. 
Олар әртүрлі материалдарды жалпы көрініске жинақтайтын байланыстырушы буын ретінде 
әрекет етеді. 
Мұндай оқытудың негізгі мақсаты – дерексіз ұғымдар мен модельдерге негізделген 
теориялық ойлауды дамыту. 
Идеяға негізделген оқыту концептілер мен жинақтап қорыту деңгейіне көтерілуге 
бағытталған.
Концепт – бұл мысалдар жиынтығын жіктейтін (жалпылайтын) идеяны 
ұйымдастыратын менталдық құрылым. Концептілер – кең ауқымды, абстрактілі, уақыттан 
тыс, көптеген мысалдары бар әмбебап идеялар (Линн Эриксон). 
Қазіргі уақытта елдегі көптеген жетекші білім беру мекемелері мен мектеп жүйелері 
«ауқымды идеялар» құрылымын өздерінің білім беру бағдарламаларында үрдіс (тренд)
ретінде бейімдейді және қолданады. 
Әлеуметтік және эмоционалдық білім. Әлеуметтік-эмоционалдық оқыту жүйесінің 
негізінде біздің миымыздың рационалды (танымдық) және эмоционалдық тәсілмен жұмыс 
істейтінін тану жатыр. Екі бағыт та танымдық процесс үшін маңызды, екеуі де білім беруде 
белсенді қолданылуы керек.
Мектеп реформаларын зерттеушілердің пікірі бойынша, эмоционалдық интеллект 
және эмоционалдық-зияткерлік білім беру ортасы білім беру саласындағы ең маңызды 


жаңашылдық болып саналады. Әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларды үйрету, 
қолдаушы оқу ортасын қалыптастыру қысқа мерзімді перспективада ауқымды әлеуметтік 
және эмоционалдық құзыреттілікке мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді перспективада оқуда, 
жұмыста және өмірде анағұрлым жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-эмоционалдық оқыту аясында 4 негізгі құзыреттілік қарастырылады: 
1. Өзін және басқаларды түсіну, бұл өз сезімдерін дәл бағалау және басқару, басқа 
адамдарға жанашырлық таныту қабілетін қамтиды. 
2. Әлеуметтік бірлесуге ықпал ететін және басқалардың құқықтарын бұзбайтын 
жағымды ұстанымдар мен құндылықтар. 
3. Әлеуметтік пайдалы және шынайы мақсаттар қою, оларға қол жеткізуге қатысу 
мүмкіндігін қамтитын жауапты шешім қабылдау. 
4. Әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдылары: дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, 
икемділік, ынтымақтастық, көзқарастарды түсінікті және оңтайлы түрде білдіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет