Ойын арқылы оқыту. Балалар ойындарды жақсы көреді, сондықтан оқыту
барысында олардың қызығушылықтарын есте ұстаған жөн.
Оқулықтардан алған білімді
ойын мәнмәтінінде бекітуге болады. Әртүрлі оқу бағыттары бойынша білім беру
ойындарын құрастыруға болады. Ойын арқылы оқытудың көмегімен теориялық ережелерді
көрнекі түрде көрсетуге, сонымен қатар балаларға тәжірибеде
қолдануға көмектесуге
болады.
Сыныпта оқытуда интербелсенді білім беру тәжірибелері жиі қолданылады: дебат,
квест, ғылыми шоу және рөлдік ойындар. Геймификация ойын элементтері арқылы оқуды
қызықты етуге бағытталса, «ойынға айналдыру» оқытуды модельдеудің бір түрі ретінде
ойын жаттығулары түрінде құрастырады. Ойын арқылы
оқыту ортасы оқушылардың
қоршаған әлеммен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беруі маңызды.
Джонатан Кэсси өзінің «Өз сыныбыңыздың деңгейін жоғарылатыңыз» атты ғылыми
зерттеу кітабында ойын арқылы оқытуды тиімді оқыту мен оқу тәсілі ретінде қолдаудың
сегіз принципін ұсынған:
Ойын арқылы оқыту оқушылардың өз бетінше білім алуына мүмкіндік береді.
Ойын арқылы оқитын оқушылардың табандылығы басым болады.
Ойын арқылы оқытуда өз бетінше жұмыс міндетті болып табылады және барлық
ойындарда дамытылып отырады.
Ойын арқылы оқыту әлеуметтік дағдыларды дамытады.
Ойын арқылы оқу оқушыларды өзін-өзі қамтамасыз ететін оқу қоғамдастығын құруға
ынталандырады.
Ойын арқылы оқытудың демократиялық және меритократиялық сипаты арқылы
тәуекелге қабілеттілік ынталандырылады.
Ойын арқылы оқыту тәсілі ойын табиғатын тиімді қолданумен байланысты.
Ағынға ілесу сезімі ойын арқылы оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Геймификация. Білім беруде геймификацияны қолдану
білім алушыларды оқуға
ынталандыратын және қызықтыратын қуатты құрал болып табылады.
Геймификация – оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін ойын элементтері мен
механикаларын ойыннан тыс мәнмәтінде қолдану.
Оқытудағы геймификация – логикалық құрылым,
позитивті оқу ортасы және
бәсекелестік. Нақты құрылымның арқасында оқушылар ақпаратты жақсы игереді.
Жағымды оқу ортасында балаларға білім алу үшін жайла ахуал қалыптасады және олар оқу
процесіне толыққанды қатысады. Геймификациядағы салауатты бәсекелестік ахуал білім
алушылардың оқу мақсаттарына жетуіне көмектеседі және ұжымдық рухты дамытады.
Сабақта мұғалімдердің әртүрлі геймификация сервистерін қолдануы балалардың АКТ
құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді және жақсы нәтижеге қол жеткізуге ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: