Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

1-кесте. Әмбебап құзыреттілік. 
 
Әмбебап құзіреттіліктер және 
жаңа сауаттылық: ұраннан іс-
әрекетке көшу» жообасы 
«Білім 
беру 
мен 
дағдылардың 
болашағы: 
Білім беру 2030» жобасы. 
Екі жобада ұсынылған 
құзыреттіліктердегі
ортақ идеялар 
 
Таным (ойлау) құзыреттілігі 
(зияткерлік міндеттерді шешу 
үшін 
ойлау 
дағдыларын 
пайдалану). 
Жаңа құндылықтарды құру. 
(шығармашылық 
ойлау 
дағдыларын пайдалану, жаңа 
өнімдер мен сервистерді 
дамыту және т. б.) 
Танымдық 
дағдылар 
және шығармашылық 
ойлау. 
Басқа 
адамдармен 
қарым-
қатынас құзыреттілігі. 
Проблемалар 
мен 
қайшылықтарды 
шешу. 
Мүмкіндіктер 
тең 
емес 
әлемде 
жастарға 
қақтығыстарды шешу және 
шиеленістерді 
жеңілдету 
дағдысы қажет болады. 
Коммуникативтік 
дағдылар 
Өз іс-әрекетінің үйлесімділігін 
қадағалау құзыреттілігі (өзін-өзі 
басқару). 
Жауапкершілік алу.
Бұл құзіреттердің негізінде 
өзін-өзі 
бақылау, 
жеке 
тиімділік, 
жауапкершілік, 
мәселелерді 
шешу 
және 
бейімделу 
қабілеттері 
жинақталған өзін-өзі реттеу 
мүмкіндігі жатыр. 
Өзіндік менеджмент 
Таным (ойлау) 
құзыреттілігі
Өз іс-әрекетінің 
үйлесімділігін 
қадағалау 
құзыреттілігі
(өзін-өзі басқару). 
Басқа 
адамдармен 
қарым-қатынас 
құзыреттілігі.


Әрбір әмбебап құзыреттіліктің негізінде нақты міндетті шешу барысында адамның іс-
әрекетінде көрініс табатын дағдылардың ауқымды жиынтығы (білім мен мақсаттардың бір-
бірімен ұштасуы) жатыр. Көрсетілген құзыреттер шеңберінде оқу нәтижелерін өлшеу үшін жоба 
авторлары «құзыреттілік картасының» егжей-тегжейлі нұсқасын әзірледі. «Әмбебап 
құзыреттіліктер және жаңа сауаттылық: ұраннан іс-әрекетке көшу» баяндамасында міндеттерді 
шешу кезеңдері мен қиындық деңгейлері бойынша әрбір құзыреттілік ашып көрсетілген 
(баяндаманың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://ioe.hse.ru/keycomp).
Әмбебап құзыреттілікке «кіретін» білім мен дағдылар тізімі иерархиялық түрде берілмейді, 
өйткені өмірлік әртүрлі жағдайларда олар барлық әмбебап құзыреттіліктердің элементтерін 
біріктіруді қажет етеді.
«Жаңа сауаттылыққа» кіретін білім мен дағдылар ортақ – жағдайға байланысты емес, яғни 
ол әмбебап – сауаттылыққа (адамның қарым-қатынас белгілері мен құралдарын пайдалану 
қабілеті) жатады немесе пәндік – белгілі бір салада қолданылатын сауаттылыққа (қазіргі өмірдің 
қандай да бір салаларында қажетті білім) жатады. 
Бүгінде нәтижелердің жаңа моделі, яғни, бүкіл әлемде қолдануға болады деп танылған 
мектептегі білім беру моделі әлі қалыптаспаған. Алайда, өзгерістер бұрыннан келе жатқан пәндік 
мазмұнды қайта қараумен немесе оқу бағдарламаларына әмбебап құзыреттілікті дамыту 
бойынша арнайы курстарды енгізумен шектелмейді. Жаңа модель оқушының оқу нәтижелеріне 
деген көзқарасты кешенді өзгертуден туындайды. 
Пәндік білім мен дағдыларды өзара байланыстыру әмбебап құзыреттілікті дамытудың 
негізгі мәселесі болып табылады. Қағида тұрғысында, «әмбебап құзіреттіліктің» білім берудің 
міндетті нәтижесі ретінде көрініс табуы білім беру нәтижелерінің бұрынғы моделін жоққа 
шығармайды, оны толықтырады, кеңейтеді. Бүгінгі таңда жалпыға міндетті білім беру 
нәтижелерінің жиынтығы тек пәндік білім мен оларды практикада қолдану дағдыларын ғана 
емес, сонымен қатар әмбебап құзыреттіліктерді, құндылықтарды, көзқарастарды да қамтиды. 
Білімге қол жеткізу сапасы да өзгеруде: ол әмбебап құзіреттіліктердің дамуына және іс-
әрекеттерге бағдарлана отырып, оларды әртүрлі өмірлік және кәсіби жағдайларда қолдануға 
мүмкіндік береді. 
Осы ортақ вектор арқылы әр ел өзінің мәдени, тарихи, демографиялық және экономикалық 
ерекшеліктеріне байланысты өз бағытын таңдайды. Дегенмен, білім беруді реформалаудың 
ұлттық стратегияларын және оларды жүзеге асырудың әлеуметтік-саяси мәнмәтінін талдау білім 
беруді табысты жаңартудың жалпы белгілері мен факторларын анықтауға мүмкіндік береді: 
Елде ең маңызды деп танылған құзыреттілік пен сауаттылық түрлері нақты, қысқа және дәйекті 
түрде ұсынылуы керек. 
- Әмбебап құзыреттілікті дамыту пәндік оқытуға кіріктірілуі тиіс. 
- Білім беруді реттеу оқудың күтілетін нәтижелеріне шоғырлануы керек. Олар, ең алдымен, 
«оқу процесінің нәтижесінде оқушылар не істей алады (көрсете алады, жасай алады)» 
форматында анықталады. 
- Білім беру нәтижелерін қорытынды бағалауда әмбебап құзыреттіліктерді бағалау 
қамтылуы тиіс. 
Дереккөз: «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің 
«Әмбебап құзыреттіліктер және жаңа сауаттылық: ұраннан іс-әрекетке көшу» 
баяндамасы //https://ioe.hse.ru/keycomp. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет