ГЛОССАРИЙ
Білім – оқыту және жеке тәжірибе арқылы ақпаратты игерудің нәтижесі, оқу немесе жұмыс
саласына қатысты фактілер, принциптер, теория мен практиканың жиынтығы, бағалауға жататын
біліктілік компоненті.
Біліктілік – адамның белгілі бір жұмысты орындау үшін қажет
білім мен дағдыларға ие
екендігін көрсететін және қолданыстағы заңнамаға сәйкес құжаттармен расталған адамның
кәсіби дайындығы.
Құзыреттілік – кәсіби тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін білім мен дағдылардың
жиынтығы. Құзыреттілік оқу және/ немесе практикалық жұмыс
барысында алынған білім мен
дағдыларға байланысты.
Дағды – оқыту немесе белгілі бір зерттеу, жұмыс жүргізу арқылы дамитын сапа, жұмыс
орнында да, күнделікті өмірде де белгілі бір зияткерлік немесе физикалық әрекеттерді орындау
қабілетін сипаттайды.
«4K» (4 C) дағдылары. Қазіргі әлемде білім алу үшін қажетті негізгі құзыреттіліктер:
Communication (коммуникация), Cooperation (ынтымақтастық, әріптестік), Creativity
(креативтілік), Critical thinking (сын тұрғысынан ойлау). Partnership for 21st Century Learning (XXI
ғасырда білім алу бойынша серіктестік) немесе P21 (http://www.p21.org/)
әзірлеген ХХІ ғасыр
дағдылары моделінің құрамдас бөлігі.
Тәжірибе – белгілі бір уақыт аралығында меңгеруге және тиімді пайдалануға болатын
саналы
іс-әрекет, білім мен дағды.
Кәсіби міндет – еңбек қызметін жүзеге асыруға және кәсіптік қызметтің белгілі бір
саласында қажетті нәтижеге жетуге байланысты іс-әрекеттер туралы нормативті түсінік;
Кәсіби құзыреттілік – еңбек ету саласының талаптарына сәйкес мақсатқа сай әрекет етуге,
міндеттер мен проблемаларды әдістемелік ұйымдастырылған түрде
және өз бетінше шешуге,
сондай-ақ өз қызметінің нәтижелерін өз бетінше бағалауға дайындық және қабілеттілік.
Кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің белгілі бір саласында біліктілік пен құзыреттілік
деңгейіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын
стандарт.
Еңбек функциясы – бизнес-процесс арқылы айқындалатын және орындау үшін
қажетті
құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-әрекеттерінің интеграцияланған және салыстырмалы
түрде дербес жиынтығы болып табылатын еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі.
Дағдылар – іс-әрекеттерді жүзеге асыру және міндеттерді шешу үшін білімді қолдана білу
және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуициялық, шығармашылық және практикалық
ойлауды қолдану).