Білім беру трендтері
XXI ғасыр – жаһандану, жаңа технологиялар мен инновациялар ғасыры,
жаңаша
ойлау және болып жатқан өзгерістерге жаңаша көзқарас ғасыры. Жүзеге асып жатқан
өзгерістердің қарқындылығы білім беру жүйесіне жаңаша көзқарас қажеттігін талап етеді.
Білім беру трендтері – бұл оны өзгерту үрдістері.
Зерттеушілер білім беруде келесі үрдістерді көрсетеді:
- конструктивизм;
-
Growth Mindset – даму туралы ойлау немесе икемді ойлау;
- топтық оқыту;
- жобалық-бағдарланған оқыту (PBL);
- тұжырымдамалық-бағдарланған оқыту (CBL);
- әлеуметтік және эмоционалдық білім;
- дербестендірілген оқыту (бейімделген оқыту);
-
цифрлық сауаттылық;
- виртуалды және толықтырылған шындық (VR@AR);
- аралас оқыту (Blended Learning);
- мобильді оқыту;
- тәлімгерлік;
- STEAM-білім беру;
- білім берудегі робототехника;
-
ойын арқылы оқыту;
- геймификация.
Конструктивизм – бар білімі мен дағдыларына бағдарлану қабілеті, бірақ шешім
қабылдау дағдыларын дамыту үшін күрделі міндеттер қою. Білім дайын түрде берілмейді,
бірақ оқушы оны бұрынғы меңгерген білімі негізінде құрылымдайды. Оқушы білімді оқу
процесінде іздену, зерттеу және маңызды
проблемаларды шешу негізінде меңгереді.
Growth Mindset – психологиямен байланысты даму туралы ойлау немесе ойлау
арқылы даму. «Белгіленген ойлау жүйесі» (Fixed Mindset) қалыптасқан адаммен
салыстырғанда дамыған ойлау қабілеті бар адам «Мен кез келген нәрсені үйрене аламын»
деген ережені басшылыққа алады. Олар қателіктер мен сәтсіздіктерді
онсыз алға жылжу
мүмкін емес маңызды тәжірибе деп санайды. Мұндай адамдар барлық сын-тәуекелдерге
дайын және тұлғалық даму мақсатына бағдарланған. Дамыған деңгейде ойлау – адамның өз
білімі мен қабілеттерін дамытып, жетілдіріле алатынын түсіну. Оқушы өзінің ақырында
үйренетініне сенімді болған кезде, кездескен кедергілерді еңсеруге көбірек күш жұмсап,
көздеген мақсатына жетеді.
Америкалық
психолог, Стэнфорд университетінің профессоры Кэрл Дуэк (Carol
Dweck) өзінің зерттеуінде өсу/даму ұстанымын дамытудың келесі жолдарын ұсынады:
Кемшіліктерді мойындаңыз және қабылдаңыз. Өзіңіздің әлсіз жақтарыңызды жасыру
Сіздің оларды ешқашан жеңе алмайтыныңызды білдіреді.
Проблемаларды мүмкіндіктер ретінде қарастырыңыз. Дамуды мақсат етіп қою өзін-
өзі жетілдіру мүмкіндіктерінен ләззат алуды білдіреді.
Оқытудың әртүрлі тактикасын қолданып көріңіз. Бірыңғай оқыту моделі жоқ. Бір
адамға лайықты әсер ететін нәрсе Сізге сәйкес келмеуі мүмкін.
«Сәтсіздік» дегенді «үйрену» деген сөзбен ауыстырыңыз. Қате жібергенде немесе
мақсатқа жете алмай қалған кезде Сіз сәтсіздікке ұшыраған жоқсыз, Сіз үйрендіңіз.
Мақұлдауды іздеуді тоқтатыңыз. Мақұлдауды үйренуден жоғары қойсаңыз, Сіз
өзіңіздің өсу әлеуетіңізді құрбан етесіз.
Даму процесін ақырғы нәтижеден жоғарырақ бағалаңыз. Ақылды адамдарға үйрену
процесі ұнайды, ол күтілген уақыттан асып кеткен жағдайда олар қарсы болмайды.
Мақсатқа ұмтылу сезімін дамытыңыз. Даму мақсатын әрдайым ойда ұстаңыз.
Өзіңіздің дамудағы ілгерілеуіңізді басқалармен бірге атаңыз. Егер Сіз өсуіңізді/
дамуыңызды шынымен бағаласаңыз, өзіңіздің ілгерілеуіңізді басқалармен бөліскіңіз келеді.
Даму жылдамдығына емес, дамудың өзіне назарды шоғырландырыңыз.
Жылдам
үйрену деген жақсы үйрену дегенді білдірмейді, ал қателіктер арқылы жақсы үйрену үшін
кейде көп уақыт қажет болуы мүмкін.
Оқушыларды мінез-құлқы үшін емес, іс-әрекеті үшін бағалаңыз. Оқушыларды
ақылмен жасалған іс-әрекеттері үшін мадақтап, қолдау көрсетіңіз.
Сынды жағымды ықпал ететін сын ретінде ұсынуға тырысыңыз.
Жетістіктерді сәтсіздіктен ажыратып қарастырыңыз.
Тұрақты түрде ойлануға мүмкіндік беріңіз. Білім алушыларға күніне кемінде бір рет
өзінің білім алуы туралы ойлануға мүмкіндік берген жөн.
Талантты оқушыларға күрделірек міндеттер қойыңыз.
Жігерлілікті дамытыңыз. Жігерлілікке ие оқушылар көп жағдайда басқалардың
мақұлдауын іздемейді, өзінің ерік-жігеріне сүйенеді.
Басқа адамдардың қателіктерінен сабақ алыңыз. Өзіңізді басқалармен салыстыру
әрдайым ақылға қонымды емес, бірақ адамдардың кемшіліктері ұқсас болуы мүмкін екенін
түсіну маңызды.
Әрбір қол жеткізген мақсатыңыз бойынша жаңа мақсат белгілеңіз.
Командалық оқу
Бірлескен оқу, сыныптастармен тәжірибе алмасу оқушылардың ұйымдастыру қабілеті
мен ұжымдаса жұмыс істеу дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді. Материалды
тереңірек зерттеуге көп мүмкіндіктер туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: