жаңашылдық болып саналады. Әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларды үйрету,
қолдаушы оқу ортасын қалыптастыру қысқа мерзімді перспективада ауқымды әлеуметтік
және эмоционалдық құзыреттілікке мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді перспективада оқуда,
жұмыста және өмірде анағұрлым жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-эмоционалдық оқыту аясында 4 негізгі құзыреттілік қарастырылады:
1. Өзін және басқаларды түсіну, бұл өз сезімдерін дәл бағалау және басқару, басқа
адамдарға жанашырлық таныту қабілетін қамтиды.
2. Әлеуметтік бірлесуге ықпал ететін және басқалардың құқықтарын бұзбайтын
жағымды ұстанымдар мен құндылықтар.
3. Әлеуметтік пайдалы және шынайы мақсаттар қою, оларға қол жеткізуге қатысу
мүмкіндігін қамтитын жауапты шешім қабылдау.
4. Әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдылары: дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу,
икемділік, ынтымақтастық, көзқарастарды түсінікті және оңтайлы түрде білдіру.
Достарыңызбен бөлісу: