Дербестендірілген оқыту (және бейімделген оқыту) оқытудың нәтижелілігін
қамтамасыз етудегі маңызды бағыт болып табылады. Дербестендіру дегеніміз – оқыту
қажеттіліктеріне бейімделетін, оқытудағы қалаулы нәтижелерді және әртүрлі
оқушылардың нақты мүдделерін ескере отырып оқыту. Толығымен дербестендірілген
ортада оқыту мақсаты мен мазмұны, сондай-ақ оқыту әдісі мен қарқыны әртүрлі болуы
мүмкін (осы арқылы дербестендіру саралау мен дараландыруды қамтиды).
Оқытуды дербестендіру (Personalization of Learning) – нақты білім алушы үшін
қызығушылықтары мен тәжірибесін, білімді меңгерудің қолайлы әдістері мен қарқынын
ескере отырып дайындалған оқыту. Дэн Бакли (Dan Buckley) оқытуды дербестендірудің екі
бағытын анықтады: білім алушы үшін дербестендіру, оның шеңберінде оқыту нақты білім
алушыға бейімделеді; білім алушының өзі дербестендіруі, бұл жағдайда оқушы өзінің білім
алуын оқуын өзі құрылымдайды.
Цифрлық сауаттылық.Білім берудегі инновация балалардың білім алуына, ал
мұғалімдердің сабақ беруіне көмектеседі. Цифрлық сауаттылық – адамның ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды білуі және күнделікті кәсіби қызметте қолдана білу
қабілеті, бұл – қазіргі білім берудегі маңызды үрдістерінің бірі.
Виртуалды және толықтырылған шындық (VR&AR) – бұл заманауи және тез
дамып келе жатқан технологиялар, олардың мақсаты адам өмірінің физикалық кеңістігін
цифрлық құрылғылар мен бағдарламалардың көмегімен жасалған нысандардың көмегімен
кеңейту болып табылады.
AR/VR технологияларын дамытумен қатар білім беруде қолдануға болатын олардың
мүмкіндіктері
де
артуда.
Виртуалды
және
толықтырылған
шындықтың
артықшылықтарының бірі – балалардың назарын тақырыпқа аударады, сондай-ақ білімді
эмоциялармен байланыстыруға көмектеседі, соның нәтижесінде материал ұзақ уақыт есте
қалады. Бұл сервистердің мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда артықшылықтары көп.
Мысалы, аутистік ауытқулары бар оқушылар виртуалды түрде кез келген экскурсияға
қатыса алады, бұл оларға адамдар көп жиналатын жерлерге барудың қолайсыздығымен
байланысты қауіп-қатерлерге ұшырамауына мүмкіндік береді.
VR және AR форматында оқуға арналған жабдықтар – оқу орындары үшін үлкен
шығын. Мектептер үшін Lyfta сияқты иммерсивті платформалар анағұрлым қолайлы
болып табылады. Оларды пайдалану үшін қымбат дүниенің қажеті жоқ. Қарапайым
компьютер немесе планшетті қолдану арқылы сабақты қызықты интербелсенді саяхатқа
айналдыруға болады. Тарих немесе география бойынша параграфты қайталаудың орнына
оқулықта айтылған жерге тура барып келуге болады. Мысалы, Африка еліндегі жергілікті
тұрғындардың үйлеріне барып, олардың өмірін өз көздерімен көруге болады. Иммерсивті
тәжірибе көбірек білуге деген ынтаны арттырады және оқушылардың сабаққа белсенді
қатысу деңгейін жоғарылатады, бұл академиялық жетістікке жетудің негізгі
факторларының бірі болып табылады. Мектептегі білім берудің иммерсивті
технологияларының, соның ішінде AR/VR технологияларының жақын арада қарқынды
даму мүмкіндігі жоғары.