Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


 Алматы қаласындағы «Мирас» Халықаралық мектебінің миссиясы



Pdf көрінісі
бет25/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

1. Алматы қаласындағы «Мирас» Халықаралық мектебінің миссиясы: «Мектеп 
халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде 
оқушыларды көптілді сапалы біліммен қамтамасыз етеді. «Мирас» өмір бойы білім алуға 
дайын, әр түрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрін қабылдап, құрметтейтін, белсенді 
өмірлік ұстанымы бар және әлемді жарқын жаққа өзгертуге ұмтылатын оқушыларды 
тәрбиелейді». 
2. 
«Haileybury Almaty» мектебінің миссиясы: «Оқушыларға мектеп 
қоғамдастығында олардың академиялық, физикалық мәдени және әлеуметтік 
мүмкіндіктерін жаһандық және болашақ контексте іске асыруға ықпал ететін білім беру 
тәжірибесін алуға жағдай жасау». 
3. Нұр-Сұлтан қаласындағы QSI Халықаралық мектебінің миссиясы: «Әрбір 
баланың QSI мектептерінде оқуға деген ұмтылысына қолдау көрсету. Біздің мектептер 
қызмет көрсететін қала оқушыларына ағылшын тілінде сапалы білім беруді қамтамасыз ету 
үшін құрылған». 
4. Нұр-Сұлтан қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің миссиясы: «Жеке 
қабілеттерін ашу арқылы өзін іске асыра білетін, өмір бойы дамуға және оқуға дайын, 
жалпыадамзаттық құндылықтарға ие, салауатты өмір салтын ұстанатын және әртүрлі 
проблемалардың оңтайлы шешімін таба алатын жан-жақты тұлғаны қалыптастыру». 
6. Алматы қаласындағы «Достар» Халықаралық мектебінің миссиясы: 
«Ақпараттық қоғамда түрлі өмірлік әрекеттерге толыққанды әрі тиімді қатысуға және өзін-
өзі дамытуға дайын, өз қабілеттерін іске асыра білетін, бәсекеге қабілетті тұлғаны 
қалыптастыру». 
Әдетте миссия директордың өз мектебінің мінсіз бейнесі туралы көрінісіне 
негізделеді. Ал болашаққа бағдар дегеніміз не? 
Болашаққа бағдар (ағылш. visionкөзқарас, көрініс) – бұл біздің санамызда 
қалыптасқан өзіміз қалайтын болашақтың мінсіз бейнесі, оған қол жеткізу ең қолайлы ішкі 
және сыртқы жағдайлар болғанда ғана мүмкін болады; мектептің жетілдірілген қалпының 
ең үздік бейнесі. Болашаққа бағдардың болмауы, айқын белгіленбеуі немесе оның шынайы 
мүмкіндіктерге сәйкес келмеуі мектептің даму жолындағы кедергі болып табылады. Ал 
айқын, нақты негізделген, іс-әрекетке ынталандыратын болашаққа бағдардың болуы 
мектеп қызметінің стратегиялық жоспарларын құруда жетістікке жетудің негізі және шарты 
ретінде қарастырылады. 
Мысалы:


Біздің мектебіміз шағын ауданның әлеуметтік-мәдени белсенділігінің орталығына 
айналуы тиіс. 
Біздің мектебіміз аймақтағы білім беру инновацияларының ресурстық орталығы 
бола алады. 
Егер мектептің болашаққа бағдары директордың көзқарасымен мектептің мінсіз 
бейнесі болса, миссия бұл педагогикалық қоғамдастық мүшелерінің жалпы ұжымдық 
шешімінің нәтижесі, әлеуметтік тапсырыс талаптары мен ұжымның нақты мүмкіндіктері 
мен қажеттіліктері ескерілетін шешім болып табылады. 
Миссияны тұжырымдауға қойылатын негізгі талаптары:
₋ мектеп ұжымының барлық мүшелерінің ортақ құндылықтары мен көзқарастарын 
білдіру, яғни ұйымның мәдениетімен байланысты болуы; 
₋ қызметкерлердің басым бөлігінің қолдауына ие болу; 
₋ ұйымдастыру мен қызмет стиліне белгілі бір дәрежеде әсер ете отырып, шешім 
қабылдау процесін бағыттау; 
₋ қызмет мектептің жалпы құндылықтарына қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға 
болатындай тұжырымдалуы.
Миссияның мақсаты оның функцияларымен тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет